Жамбыл Жабаевтың туған күнінде

Жамбыл Жабаевтың туған күнінде

Бүгін - өлеңнен сарай салған Жамбыл Жабаевтың туған күні. Жамбылға деген құрмет ол өлеңге, жырға деген құрмет екені даусыз. 

Биыл көзі тірісінде лайықты құрметке ие болған ақынның туылғанына 176 жыл толып отыр.

Айтулы датаға орай Жамбыл ауданың әкімі Ерлан Қыдыралыұлы бастаған топ орталық алаңдағы ақынның ескерткішіне гүл шоқтарын қойды.

Жиында сөз алған Ерлан Қыдыралыұлы:

– Қазақтың түпсіз терең тарихында есімі білдей бір облысқа берілген жалғыз ақын – Жамбыл Жабаев. Тек қазақтың ғана емес, әлем тарихына көз жүгіртсек, облыстың атын иемденген ақындар аз. Жамбыл бізге сонысымен қымбат, сонысымен ардақты. Ұлы ақынға құрмет көрсету - баршамыздың міндетіміз, - деді ол өз сөзінде.

Сондай-ақ аудан өнерпаздары жампоздың бейнесін қойлым арқылы сомдап, өлеңдерін оқып, тұрғындарға биік тұлғаның болмысын кеңінен таныта білді.

Сондай-ақ республикаға танымал айтыскер ақын Айтмұханбет Исақов жыр дүлділіне арнауын шырқады

Жамбыл ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі
28.02.2022

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 5396
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 5552
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 20520
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 19151
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 22611