Жамбыл жаңалықтары Жамбыл облысында көктемгі егіс жұмыстары 80 пайызға аяқталды – Ербол Қарашөкеев

Жамбыл жаңалықтары  Жамбыл облысында көктемгі егіс жұмыстары 80 пайызға аяқталды – Ербол Қарашөкеев

14 сәуірде ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев жұмыс сапарымен Жамбыл облысына келді, онда шалғай аудандарға барып, қызылша өсірушілер қауымдастығының мүшелерімен кездесті, ирригациялық жүйелердің жобаларымен және көктемгі егіс жұмыстарының барысымен танысты.

Сапар бағдарламасы аясында ведомство басшысы Шу ауданына барып, жаңа қант зауытының құрылысын қарап, жұмысшылармен кездесті.

Министр бұдан әрі жаңбырлататын және тамшылататын жүйелерді зерделеп, суармалы егіншіліктің тиімділігін арттыру перспективалары суды үнемдейтін суару технологияларын кеңінен қолданумен тығыз байланысты екенін, бұл суды тұтынуды азайтуға және суды дәлдеп беру, қоректік заттармен қамтамасыз ету арқылы егін өнімділігін арттыруға мүмкіндік беретінін атап өтті. 

 

– Мемлекеттік қолдау шараларының арқасында су үнемдеу технологиялары қолданылатын суармалы жерлердің көлемі ұлғайды. Агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың ұлттық жобасы аясында олардың аумағын 450 мың гектарға дейін ұлғайту жоспарлануда, – деді Ербол Қарашөкеев.

Қордай ауданында ведомства басшысы «GreenWill» жылыжай кешенімен танысып, бірегей аквапоникалық жылыжайды аралады.

Министрге аквапоника әдісі бір уақытта балық өсіруге және қоректік ерітінділерде топырақсыз өсімдіктер өсіруге негізделгені туралы хабарлады. Тыңайтқыш ретінде өсімдіктерге органикалық еритін тыңайтқышты синтездеудің табиғи бактериялық процесі қолданылады, яғни, бұл толығымен табиғи процесс.

Ведомство басшысы көктемгі дала жұмыстарының барысын бақылап, Мемлекет басшысының 2022 жылғы 16 наурыздағы «Жаңа Қазақстан: жаңару мен жаңғыру жолы» атты Қазақстан халқына Жолдауында көктемгі дала жұмыстарын сапалы жүргізуге және фермерлерді қажетті құралдармен қамтамасыз етуге ерекше назар аударғанын атап өтті.

Егіс алқаптарын аралау барысында, ведомство басшысы облыстағы көктемгі дала жұмыстарының қарқынына, топырақтың ылғалдануының жақсы деңгейін атап өтті. Өңірде тұқым, арзандатылған дизельдік отын, тыңайтқыш және басқа да егіс егу үшін қажетті құралдар жеткілікті. Бүгінгі таңда облыста көктемгі егіс жұмыстары 80 пайызға орындалды.

Одан әрі Е.Қарашөкеев қант қызылшасын өңдейтін Меркі қант зауытына барып, өндірісті іске қосуға дайындығын тексеріп, шығарылатын өнімнің импортты алмастыруға қол жеткізу үшін маңыздылығын атап өтті.

Жамбыл облысының қызылша өсірушілерімен кездесуде қатысушылар саланы дамыту мәселелері мен проблемалық мәселелерді талқылады. Ербол Қарашөкеев саланы қолдаудың мемлекет қабылдап жатқан шаралары туралы айтып берді.

Ведомство басшысының айтуынша, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге тұқым, тыңайтқыш және гербицид, техника сатып алуға кеткен шығындарды өтеу, инвестициялық субсидиялар, айналым қаражатын толықтыруға жеңілдетілген несие беру қарастырылған.

Министр, сондай-ақ тыңайтқыштардың құнын төмендету бойынша жұмыстар жүргізіліп жатқанын хабарлады. Оның айтуынша, министрлік аммиак селитрасының бағасын төмендетті, «Қазфосфат» ЖШС-мен аммофос бағасын төмендету туралы келіссөздер жүргізілуде.

Өз кезегінде, қызылша өсірушілер өндіріс құралдарына бағаның өсуіне, субсидиялау, сумен жабдықтау және жер пайдалану жүйесінің ережелерін өзгертуге қатысты бірқатар сұрақтар қойды.

Кеңес қорытындысы бойынша, ведомство басшысы Жамбыл облысы қызылша өсірушілер қауымдастығының өкілдерін субсидиялау жүйесін реформалау жөніндегі жұмыс тобына қосуды тапсырды.

Ербол Қарашөкеев жұмыс сапарының бірінші күнін мал шаруашылығымен, атап айтқанда, асыл тұқымды жылқы шаруашылығымен, қымыз өндірумен айналысатын «Ар-Ас» ШҚ жұмысымен танысумен аяқтады.

Бүгін Министрдің жұмыс сапары жалғасады. Бағдарлама бойынша Жамбыл ауданындағы көктемгі дала жұмыстарының барысын тексеру, жайылымдық жерлерді тексеру, сондай-ақ облыстың тауар өндірушілерімен кездесу жоспарлануда.

arainfo.kz
15.04.2022

Ұқсас жаңалықтар

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕРДІ АЛУШЫЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ БҰЗЫЛМАУЫ ТИІС
Р.Шарипов, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы - 26.11.2024 73
Таласқа ешкімнің таласы жоқ
Serik Salemov, Жамбыл облысы әкімінің орынбасары - 26.11.2024 74
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 179
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 179
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 319
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 321
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 542
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 490

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9194
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8592
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11820
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9589
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10803