Жамбылда «Халық заңгері» акциясы аясында 500-ден астам тұрғынға құқықтық кеңес берілді

Жамбылда «Халық заңгері» акциясы аясында 500-ден астам тұрғынға құқықтық кеңес берілді

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі «Zakon.kz» желілік басылымы мен «Параграф» ақпараттық жүйесімен бірлесіп халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру және тегін заңгерлік көмек көрсету мақсатында жалпыреспубликалық «Халық заңгері» акциясын ұйымдастырды. 

Акция Жамбыл облысының барлық аудан орталықтарында және Тараз қаласында 30 мамыр күні сағат 17.00-де бірыңғай уақытта ұйымдастырылды.  

Акцияға адвокаттар, нотариустар, сот орындаушылары, мемлекеттік орган басшыларынан құрылған 200-ден астам заңгер қатысып, 500-ден астам облыс тұрғынына құқықтық консультация берілді. 

Тараз қаласындағы акция «MART» сауда орталығында ұйымдастырылып, азаматтар сан алуан мәселелерімен заңгерлер көмегіне жүгінді. Сарапшылар жер, тұрғын үй, отбасылық мәселелер, мұрагерлік, еңбек дауы, азаматтық құқық, сот шешімдерін орындау, денсаулық, білім салаларына қатысты мәселелер және тағы басқа салаларға қатысты көптеген сұрақтарға жауап берді.

«Аталған акцияны өткізу дәстүрге айналып келеді және облыс тұрғындары үшін пайдасы көп деуге болады. Себебі халықтың құқықтық сауаттылығы артып, мемлекеттік билік органдарына арыз-шағым беру тәртібі, проблемалық мәселелерді шешу жолдары бойынша кеңес беріледі. Сондықтан да, тұрғындарға құқықтық көмек көрсету үшін осындай іс-шаралар қажет. Биылғы акцияның ерекшелігі, тек Тараз қаласында емес, облыстың барлық он аудан орталығында, бір уақытта ұйымдастырылуда. Біз әкімдікпен бірлесіп тиісті ақпараттандыру жұмыстарын жүргіздік. Осындай құқықтық көмек көрсету акциясы мұнымен тоқтап қалмайды, алдағы уақытта «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мобильдік топ» аясында аудандарда көшпелі кеңес беру алаңдарын ұйымдастыратын боламыз», - деді ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агентігінің Жамбыл облысы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары Даурен Омаров.

«Мен үшін халыққа пайдалы науқандарға қатысу, ең алдымен, көмекке мұқтаж тұрғындарға көмектесу мүмкіндігі. Бүгінгі іс-шара барысында маған заңгерлік кеңес алу үшін 6 азамат жүгініп, оның 5-не консультация беріп өттім, ал бір тұрғынның ісін өз бақылауыма алып, ары қарай құқықтық сүйемелдеу жүргізетін боламын», - деді Жамбыл облысы бойынша заң кеңесшілері палатасының заң кеңесшісі Гүлбану Умарова.

«Бүгінгі акция барысында көп қабатты тұрғын үйге модернизация жасау бойынша сұрағыммен келдім. Қала әкімінің орынбасары модернизация жасау үшін тұрғын үй иелерімен арыз жазу үлгісін әрі құжат жинау жолдары бойынша кеңес беріп өтті. Өз алғысымды білдіремін», – дейді Тараз қаласының тұрғыны Асель Ахметова.

03.06.2024

Ұқсас жаңалықтар

САУРАНДА 1,5 МЛРД. ТЕҢГЕНІҢ ЖОБАСЫНА МЕМОРАНДУМ ЖАСАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 31
 САЙРАМ АУДАНЫНДА АГРОСАЛАДА АУҚЫМДЫ ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСУДА
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 46
САРЫАҒАШТА «АЛТЫН КҮЗ-2024»  МЕРЕКЕСІ АТАЛЫП ӨТТІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 28
 САУРАНДА ЖЫЛЫНА 2 МЫҢҒА ЖУЫҚ ЖҰМСАҚ ЖИҺАЗ ШЫҒАРАТЫН ЦЕХ АШЫЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 48
МАҚТААРАЛДА ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «АУЫЛ БАРЫСЫ» ТУРНИРІ БАСТАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 20
Қар тазалауға 189 техника сақадай сай
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 55
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 158
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 162
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 373
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 346
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 961

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9039
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8436
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11663
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9423
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10643