Жамбылда жоба жетерлік

Жамбылда жоба жетерлік

Кеше Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітов қызметке тағайындалғанына 100 күн толғанына орай журналистермен кездесіп, брифингте аймақтың биылғы алты айдағы даму көрсеткіштерін баяндады, сондай-ақ тілшілерді толғандырған сұрақтарға жауап берді.

Жалпы, әкімнің айтуынша, Жамбыл облысының 2025 жылға дейінгі даму жоспарының жаңа сипаттағы жобасы әзірленген. Брифингте аймақ басшысы алдымен ағымдағы жылдың 6 айындағы негізгі даму көрсеткіштеріне қысқаша тоқталып, алдағы жоспарлар туралы кеңірек баяндады.

Бірінші жартыжылдықта облыстың экономикалық өсімі 104,1 пайызды құраса, өнеркәсіп (108,1 пайыз), ауылшаруашылығы (102 пайыз), құрылыс (105,7 пайыз), тұрғын үй құрылысы (103,7 пайыз), сауда (105,3 пайыз), байланыс (101,9 пайыз) салаларында оң динамика сақталған. Есепті кезеңде өңірге 155,8 млрд теңге инвестиция тартылған.

«Басты талап – халықтың табысын арттыру, тұрмысын жақсарту, қордаланған мәселелерін шешу» деген Нұржан Нұржігітов Мемлекет басшысының тапсырмасымен әзірленген «Халықтың табысын арттыру» бағдарламасын жемісті жүзеге асыруға айрықша ден қойылып отырғанын атап өтті. Облыс басшысы 2025 жылға дейінгі Жамбыл облысының даму жоспарының жаңа сипаттағы жобасы әзірленгенін жеткізді.

– Мақсатымыз – ауылшаруашылығы және өнеркәсіпті дамыта отырып, ауыл тұрғындары үшін тұрақты жұмыс орындарын құру, тұрмыс жағдайын жақсарту, табысын арттыру. Жоспар халықтың әлеуметтік игіліктер мен мемлекеттік қызметтерге қолжетімділігін қамтамасыз ету және жалпы жайлы өмір сүру ортасын қалыптастыру бойынша бірқатар міндеттерді шешуді көздейді.

Даму жоспары 3 негізгі бөлімнен тұрады. Олар: инвестициялық жобалар, бюджеттік инвестициялық жобалар, жұмыспен қамту. Алғашқы бөлім екі ірі – ауылшаруашылығы және өнеркәсіп салаларында 2025 жылға дейін құны 2 трлн теңгені құрайтын 1154 жобаны іске асыра отырып, 14,4 мың жұмыс орнын құруға бағытталды, – деді Нұржан Нұржігітов. Аталған даму жоспары аясында агроөнеркәсіп кешені саласында жалпы құны 73,5 млрд теңгені құрайтын 711 жобаны іске асырып, 4,3 мың жаңа жұмыс орындарын ашу көзделуде.

Жыл қорытындысымен жалпы салада 110 жоба іске қосылып, 400-ге жуық адам тұрақты жұмысқа орналаспақ.  Агроөнеркәсіп кешенін дамыту 10 бағытта жүзеге асады деп күтілуде. Облыс әкімінің айтуынша, ауылдық елдімекендерде кооперация жүйесін дамыту мақсатында аудан әкімдері елдімекеннің ауылшаруашылығы саласы әлеуетін түбегейлі зерделеп, әр ауылдық округтің өнім өндіру, қайта өңдеу және өнімді өткеруде кластерлік тәсілді қолданып, жоспарын әзірлепті. Бұл тәсілді қолдану үшін 10 ауданнан бір ауылдық округтен, Тараз қаласынан бір тұрғын алқап таңдап алынған. Аталған жобалар кластерлік бағытта «бір ауылда – бір жоба» қағидатымен жүзеге асырылмақ.

Жалпы, Әулиеата өңірінің жыл басынан бергі даму көрсеткіштері мен өзге де мәселелер бойынша газетіміздің келесі санында жарияланатын облыс басшысы Н.Нұржігітовпен болған сұхбатымызда кеңінен қаузаймыз.

 

Жасұлан СЕЙІЛХАН, Жамбыл облысы
21.07.2022

Ұқсас жаңалықтар

САУРАНДА 1,5 МЛРД. ТЕҢГЕНІҢ ЖОБАСЫНА МЕМОРАНДУМ ЖАСАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 39
 САЙРАМ АУДАНЫНДА АГРОСАЛАДА АУҚЫМДЫ ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСУДА
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 73
САРЫАҒАШТА «АЛТЫН КҮЗ-2024»  МЕРЕКЕСІ АТАЛЫП ӨТТІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 34
 САУРАНДА ЖЫЛЫНА 2 МЫҢҒА ЖУЫҚ ЖҰМСАҚ ЖИҺАЗ ШЫҒАРАТЫН ЦЕХ АШЫЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 74
МАҚТААРАЛДА ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «АУЫЛ БАРЫСЫ» ТУРНИРІ БАСТАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 27
Қар тазалауға 189 техника сақадай сай
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 58
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 183
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 187
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 402
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 365
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 984

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9061
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8458
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11685
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9447
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10665