ЖАМБЫЛДЫҚ ОҚУШЫЛАР 14 – ЖЫЛ ҚАТАРЫНАН «ЕҢ ҮЗДІК КОМАНДА» АТАНЫП КЕЛЕДІ

ЖАМБЫЛДЫҚ ОҚУШЫЛАР 14 – ЖЫЛ ҚАТАРЫНАН  «ЕҢ ҮЗДІК КОМАНДА» АТАНЫП КЕЛЕДІ

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ ЖОБАЛАР ЖАРЫСЫНДА ЖАМБЫЛДЫҚ ОҚУШЫЛАР 14 – ЖЫЛ ҚАТАРЫНАН «ЕҢ ҮЗДІК КОМАНДА» АТАНЫП КЕЛЕДІ

    Республикалық ғылыми жобалар жарысында Жамбыл облысы оқушыларының командасы 14 – жыл қатарынан «Ең үздік команда» атағын жеңіп алуда. Бұл туралы Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының басшысы  Мейірхан Өмірбек өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз конференциясында айтты.

«2022-2023 оқу жылының қорытындысы бойынша Республикалық, халықаралық байқаулардың нәтижесінде Жамбыл облысының оқушылары 359 медаль жеңіп алды (І орын – 78, ІІ орын -104, ІІІ орын - 177). Оның ішінде 65-і Халықаралық байқаулар мен олимпиадалардың үлесі.

Қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы пәндер бойынша  9-11 сынып оқушылары арасындағы республикалық пән олимпиадасына 32 оқушы қатысып, 21 оқушы жеңімпаз атанды. Нәтижесінде Жамбыл облысының командасы «Ең үздік олимпиадалық команда» болып танылып, жүлделі І орынды иеленді.

Сондай-ақ, облысымыздың Дарынды ер балаларға арналған мамандандырылған «Білім-Инновация» лицей-интернатының оқушысы Шарел Марғұлан ағымдағы жылдың 5-13 шілде аралығында Жапония мемлекетінің Тиба қаласында өткен Халықаралық математикалық олимпиадада (IMO) қола медаль иеленген болатын. Бұл жетістігі үшін Марғұланға Оқу-ағарту министрі Ғани Бектайұлы 500 АЕК мөлшерінде ақшалай сыйақы мен Алғыс хатын табыстады. Сондай-ақ, дарынды математикті дайындаған педагогке қола үшін - базалық лауазымдық жалақының 8,5 еселенген мөлшерінде төленді.

Ал, 2023 жылғы республикалық олимпиаданың қорытындысы бойынша 100 үздік  мектептердің ресми рейтингінде Жамбыл облысының 7 мектебі енгізілді,»- деді сала басшысы.

 

Сондай-ақ, аймақта жыл аяғына дейін 8 мектеп пайдалануға берілмек. Мектептердегі орын тапшылығына қатысты мәселелер де оң шешімін тауып келеді.

 «Өңірде үш ауысымды, оқушы орын тапшылығы бар және апатты мектептердің мәселесін шешу мақсатында ағымдағы жылы 11500 орындық 28 нысанның құрылдысына бюджеттен 28 млрд. теңге қаржы қарастырылған.

Оның ішінде «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында 7 мектептің құрылысы жүргізілуде (Байзақ ауданы 600 орындық 1 мектеп, Қордай ауданында 600 орындық 2 мектеп, Тараз қаласында 5000 орындық 4 мектеп).

Нәтижесінде, оқушы орын тапшылығы бар 12 мектеп, үш ауысымды оқытатын 4 мектеп, 2 апатты мектеп және 5 тозығы жеткен мектептердің мәселесі шешілуде.

Оқу жылының басында 3 мектеп пайдалануға берілсе, жыл соңына дейін тағы 8 мектеп пайдалануға беріледі»,-деді Өмірбек Азатұлы.

 

Жамбыл облысы
28.11.2023

Ұқсас жаңалықтар

ЫСТАН АБАЙ БОЛЫҢЫЗ!
Аяулым САНСЫЗБАЕВА, Жетісу облысы - 23.11.2024 21
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 35
Жарқын болашаққа бес қадам
Ертай АЙҒАЛИҰЛЫ - 23.11.2024 12
Қар тазалауға 189 техника сақадай сай
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 17
«Жайлы мектепте» оқып жатыр
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 22
АБАЙ ДЕП СОҚҚАН   ЖҮРЕГІ
Сәтжан ҚАСЫМЖАНҰЛЫ, Абай облысы - 23.11.2024 18
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 38
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 35
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 253
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 249
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 872

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 8946
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8339
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11566
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9324
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10550