Жамбылдық полицейлер ірі металл ұрлығы дерегін ашты

Жамбылдық полицейлер ірі металл ұрлығы дерегін ашты

Полиция бөліміне Жуалы ауданының 47 жастағы  тұрғынынан 335 келі  мыс металы ұрланғаны туралы  арыз түсті. Жәбірленуші ағымдағы жылдың 21 сәуірінен 22 сәуіріне қараған түні белгісіз тұлғалар оның  үйінің жанында орналасқан қойманың құлпын бұзып  кіріп, металды жасырын ұрлап кеткенін хабарлады.

Шығын көлемі шамамен 1 миллион теңгені құрайды.

Аталған дерекке қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында полиция қызметкерлері 27, 28 жастағы екі ер адамды және 34 жастағы бір әйелді анықтап, ұстады.

Ұсталған азаматтар кінәсін толық мойындады.

Тергеу барысында күдіктілер 5 қап (125 кг) мысты ұрлап, Түркістан облысындағы металл қабылдау орнына 342 000 теңгеге өткізгені  анықталды.

Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайлары анықталуда.

Аталған қылмысты жасағаны үшін мүлкі тәркіленіп, 2 жылдан 7 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеу не сол мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза қарастырылған.

04.05.2022

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 5250
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 5410
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 20373
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 19009
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 22473