Жамбылдық спортшы – Бразилиядағы ойындардың қола жүлдегері

Жамбылдық спортшы – Бразилиядағы ойындардың қола жүлдегері
Бразилияның Кашиас-ду-Сул қаласында өтіп жатқан XXIV жазғы Cурдлимпиада ойындарында жамбылдық Кара Оглы Фериде дзюдодан 48 келі салмақта сынға түсіп, қола жүлдегер атанды.
Cонымен қатар, Егембердиева Эвелина 57 келіде 5 орынға табан тіреді.
Жоғары спорттық нәтиже көрсеткен бұрымды балуаннның жеке бапкері – Лукманов Хайрулла.
✅Аталған додада Қазақстан Ұлттық құрама командасы 9 спорт түрі бойынша 57 спортшы, 28 жаттықтырушы мен спорт төрешілерінен тұратын спорт делегациясы қатысып, ел намысын қорғауда.
Оның ішінде Жамбыл облысынан дене мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған спорт клубынан 13 спортшы 6 спорт түрінен қатысады.
Сондай-ақ, төртжылдықтың басты додасында Жамбыл облысынан барған 2 дзюдошы жүлдеге таласатын болады. Олар – Краморова Анна және Тугелбаев Айдос.
1-15 мамыр аралығында өтетін ойындарға 100 елден 4500 спортшы қатысады деп күтілуде. Спорттың 20 түрінен 200-ге жуық жүлделер жинағы ойнатылады.
Айта кету керек Қазақстан спортшыларының құрамасы таэквондо, бадминтон, еркін күресі, грек-рим күресі, карате, үстел теннисі, дзюдо, жеңіл атлетика және жүзу спорт түрлерінен қатысуда.
 
 
Өңірлік коммуникациялар қызметі
04.05.2022

Ұқсас жаңалықтар

Бұл құрылтайда кәсібилік  болмаса, бәрі бекер...
Сәуле МЕШІТБАЙҚЫЗЫ, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері - 06.08.2026 230
Талғарда   тоғызқұмалақтың   үздіктері анықталды
Ә.ФАЗЫЛОВА, Алматы облысы - 06.08.2026 166
Маңызды жобалар басталды
Ерқазы СЕЙТҚАЛИ - 06.08.2026 172

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 26824
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 26254
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 43645
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 39427
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 44039