ЖАМБЫЛДЫҚ ЖОБАНЫҢ БЕРЕРІ КӨП

ЖАМБЫЛДЫҚ ЖОБАНЫҢ БЕРЕРІ КӨП

Әулиеата өңіріне жұмыс сапарымен келген ҚР Премьер-министрінің орынбасары Е.Тоғжанов шаруаларға барынша қолдау көрсетуді тапсырды

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес әзірленген «Халықтың табысын арттыру бағдарламасын» іске асыру аясында ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов бастаған үкіметтік делегация жұмыс сапарымен Жамбыл облысына келді.

Жұмыс сапары барысында вице-премьерге облыс әкімі Нұржан Нұржігітов «Жамбыл облысы тұрғындарының тұрмыстық табысын арттыру» пилоттық жобасының жүзеге асу барысы мен нәтижесі туралы баяндады.

Аймақ басшсы аталған жоба аясында облыстың 10 ауданындағы 11 пилоттық ауылдық округінің (25 елді мекен) тұрғындары мен жаңадан ашылған 11 ауыл шаруашылығы кооперативі несиелендірілгенін айтып өтті. 

– Бес бағыт бойынша жүзеге асқан пилоттық жобаның бірінші кезеңі бойынша жеке кәсіпкерлер саны 2282-ге артып, 589 жаңа жұмыс орындары ашылды. Атаулы әлеуметтік көмек алушылар саны 1058 отбасыға немесе 65 пайызға кеміді. Бұдан бөлек, қатысушылардың орташа айлық табысы 44 мың теңгеден 73 мың теңгеге, немесе 165 пайызға артты.

Қатысушылар жеке қосалқы шаруашылықтарын дамыта отырып, үй іргесіндегі жерді игеру көрсеткішін 329 гектарға арттырды. Сонымен қатар жалпы көлемі 2 гектар құрайтын 14 жылыжай салынды. 11 тұрғын өз кәсібін ашып, жобасын іске қосты. Пилоттық округтердегі мал саны 37 308 басқа (125 пайызға) өсті, – деді Н.Нұржігітов.

Жобаның тиімділігін тілге тиек еткен ол оның ауқымын кеңейте отырып, ары қарай жалғастыру қажеттігін де атап өтті.

Ералы Тоғжанов шаруасын шалқытып отырған аулалар мен шағын кәсіпорындарды аралап, жай-күйімен танысты. Жобаның жоғары мультипликативтік тиімділігіне назар аударып, тұрғындардың тұрмысын арттырудағы маңыздылығын айтып, еліміздің басқа облыстарына бұл тәжірибені тарату керектігін жеткізді.

Жалпы, Жамбыл облысына жұмыс сапарымен келген ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов Байзақ ауданындағы ауыл тұрғындарының табысын арттыру жөніндегі пилоттық жоба бойынша құрылған «Қостөбе-2019» ауыл шаруашылығы кооперативін аралаудан бастады. 

Пилоттық жобаға Байзақ ауданынан Қостөбе ауылдық округінің тұрғындары қатысқан болатын. 178 тұрғыннан құралған кооперативте 12 бірлік ауыл шаруашылығы техникасы сатып алынған. Оның базасындағы ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлердің жалпы ауданы 401,0 га құрайды, пилоттық жобаның екінші бағыты (мал шаруашылығын дамыту) аясында кооператив құрамына кіретін «Алмас» ЖК 7 бас жылқы, «Айдын» ЖК 9 бас ІМҚ сатып алған. 

Жалпы жобаны жүзеге асырудың арқасында Қостөбе ауылдық округіндегі бір отбасының табысы 4 есеге артқан. Сонымен қатар мал басының саны да 53,8%-ға өскен. Барлығы 256 тұрғын жеке кәсіпкер ретінде тіркеліп, 123 жаңа жұмыс орны ашылған. АӘК алушылар саны 86%-ға азайған. Бір сөзбен айтқанда тұрғындардың 97%-ы жеке қосалқы шаруашылықтарды дамытып жатыр. 

Сапар барысында Ералы Тоғжанов ауыл шаруашылығы техникаларының жай-күйімен танысып, облыс шаруаларымен өзекті мәселелерді талқылады, жергілікті атқарушы органдарға ауыл шаруашылығы кооперативтеріне толық қолдау көрсетуді тапсырды.

 

 

Ж.Сейілханов. Жамбыл облысы
07.05.2022

Ұқсас жаңалықтар

АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 86
САУРАНДА 1,5 МЛРД. ТЕҢГЕНІҢ ЖОБАСЫНА МЕМОРАНДУМ ЖАСАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 49
 САЙРАМ АУДАНЫНДА АГРОСАЛАДА АУҚЫМДЫ ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСУДА
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 120
САРЫАҒАШТА «АЛТЫН КҮЗ-2024»  МЕРЕКЕСІ АТАЛЫП ӨТТІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 46
 САУРАНДА ЖЫЛЫНА 2 МЫҢҒА ЖУЫҚ ЖҰМСАҚ ЖИҺАЗ ШЫҒАРАТЫН ЦЕХ АШЫЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 120
МАҚТААРАЛДА ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «АУЫЛ БАРЫСЫ» ТУРНИРІ БАСТАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 38
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 86
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 230
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 234
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 447
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 409

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9108
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8505
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11734
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9500
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10714