Жамбылдықтар Бердібек Сапарбаевпен кездесуде қандай мәселелерді көтеруде

Жамбылдықтар Бердібек Сапарбаевпен кездесуде қандай мәселелерді көтеруде

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев халықпен кездесулер өткізіп, облыс орталығы, аудан, ауылдық округ әкімдерінің есеп беру жиындарына қатысуда.

Аймақ басшысы Тараз қаласының іргесіндегі Құмшағал, Шөлдала, Көлтоған, Жиделі, Шаңырақ, Қызылабад алқаптарының тұрғындарымен кездесті.

 

— Ел Президентінің «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасының басты қағидаты – жергілікті билік азаматтардың мүддесі үшін жұмыс істеуі тиіс. Біздің басты міндетіміз – мемлекеттік органдардың халықпен өзара байланысын нығайту, — деді Бердібек Сапарбаев.

Облыс әкімі ел басшылығының қолдауының және жамбылдықтардың қажырлы еңбегінің арқасында мемлекеттік бағдарламалар табысты жүзеге асып, өңір экономикасы нығайып, жаңа жұмыс орындары құрылып жатқанын айрықша атап өтті. 2021 жылдың қорытындысымен әлеуметтік-экономикалық дамудың барлық негізгі көрсеткіштері бойынша өсім қамтамасыз етілді. Әлеуметтік мәселелер шешімін тауып, әлеуметтік төлемдер уақытылы төленуде.

 

— Тараздағы жол, жарық, ауыз сумен қамту мәселелері екі жылдың ішінде толығымен шешіледі, — деді Бердібек Сапарбаев.

«Асарлатып үй салу», «Жомарт түлек», «Таразға тарту» секілді өңірлік деңгейде жүзеге асып жатқан жобалар биыл да жалғасын таппақ.

Жиын барысында Тараз қаласының әкімі Ержан Жылқыбаевтың 2021 жылы атқарылған жұмыстары туралы есебі тыңдалды.

Сондай-ақ, аймақ басшысы облыс орталығының негізгі көшелері мен вокзал аумағын қамтитын №7 аумақтық округінің тұрғындарымен де кездесу өткізді.

Жуалы ауданына жұмыс сапары барысында Бердібек Сапарбаев аудан әкімі Олжас Қаржауовтың есеп беру кездесуіне қатысты.

— Біз өзімізді қажетті өнімдермен қамтамасыз етуге тиіспіз. Бұл ретте жеке қосалқы шаруашылықтардың мүмкіншілігін де тиімді пайдалану маңызды. Ауылда әркім өзін ет, сүт, нанмен қамтамасыз ете алады. Еңбек еткен адам табысқа жетеді,-деді Бердібек Сапарбаев.

Ағымдағы жылы Жуалы ауданында сүт өңдеу цехының санын сегізден (тәуліктік қуаты 50 тонна сүт) 12-ге дейін жеткізу көзделуде. Аудан халқының жартысы сүтті мал шаруашылығымен айналысады.

Жуалылықтар өздерін толғандырған сауалдарын жолдап, нақты жауаптар алды.

— Ең бастысы – қоғамдық келісім мен тұрақтылық. Біз ортақ күш-жігеріміздің арқасында ғана айтарлықтай табыстарға қол жеткізе аламыз, – деп түйіндеді сөзін облыс әкімі.

Сондай-ақ, Бердібек Сапарбаев Талас ауданындағы Ақкөл ауылдық округі әкімінің есеп беру кездесуіне қатысты.

— Бұған дейін өздеріңізбен кездескенімізде ауылға газ тарту мәселесін көтерген едіңіздер. Бүгінде ол толық көлемде жүзеге асуда – Билікөлден газ құбыры тартылды. Жыл соңына дейін ақкөлдіктер көгілдір отынға қосыла бастайды. Ақкөлге жақын орналасқан ауылдар да газбен қамтылады. Сондай-ақ, мектепті жөндеу, жаңа дәрігерлік амбулатория ғимаратын салу да басты назарда. Тағы бір өзекті мәселе – суармалы су. Мамыр айына дейін Ақкөл су қоймасына кем дегенде 90 миллион текше метр су жинау керек,-деді Бердібек Сапарбаев.

Ауыл тұрғындары ел және облыс басшылығына қамқорлық білдіріп, қолдау көрсетіп отырғандары үшін алғыстарын білдірді.

Жиын барысында жамбылдықтар суармалы су, жер, жайылым, абаттандыру, инфрақұрылым мәселелерін көтерді. Аймақ басшысы тұрғындар көтерген өтініштердің барлығы назардан тыс қалмайтынына сендірді.

Есеп беру кездесулерінен кейін облыс әкімі жергілікті тұрғындарды жеке сұрақтарымен қабылдап, аудандардағы әлеуметтік және суармалы су нысандарын аралап, құрылыс жұмыстарының барысымен танысты.

Облыс әкімі халықпен кездесуден бөлек, ірі кәсіпорындарды да аралап, жұмысшылардың еңбекақысын көбейту, еңбек жағдайын жақсарту бойынша тапсырмалар беруде.

Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау аясында жыл басынан бері Бердібек Сапарбаев 15-тен астам елді мекенді аралап, тұрғындармен кездесті.

Бұдан бөлек облыс әкімінің орынбасарлары да осындай есептік жиындарға қатысуда.

Жамбыл облысы
15.03.2022

Ұқсас жаңалықтар

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕРДІ АЛУШЫЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ БҰЗЫЛМАУЫ ТИІС
Р.Шарипов, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы - 26.11.2024 87
Таласқа ешкімнің таласы жоқ
Serik Salemov, Жамбыл облысы әкімінің орынбасары - 26.11.2024 97
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 193
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 193
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 330
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 333
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 559
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 502

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9207
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8604
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11831
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9601
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10814