ЖАМБЫЛДЫҚТАР ЖЕҢІМПАЗ

ЖАМБЫЛДЫҚТАР ЖЕҢІМПАЗ
🔹Аударыспақтан Татарстанның Қазан қаласында өткен Әлем чемпионатында жамбылдық қос мықты қоржынға жүлде салды. Байрақты бәсекеде бабы келісіп, бағы жанған оғландарды кеше жерлестері күтіп алып, құрмет көрсетті.
Жаһандық бәсекеде 100 келіден жоғары салмақта Жамбыл ауданының тумасы Данияр Смаилов қарсылас шақ келтірмей Әлем чемпионы атанып, жанкүйерлерін серпілтіп тастады. Дуы басым додада 70 келі салмақта өнер көрсеткен Дәулет Ережепбаев қола жүлдені қанжығалады.
Белді спортшылар бұған дейін облыс, ел чемпионаттарында талай мәрте мерейімізді үстем еткен-ді. Ал соңғы рет Тараз қаласында өткен ел біріншілігінде топ жарып аударыспақтан ұлттық құраманың сапына қосылды. Сәйкесінше, тәжірибелі спортшылар жанкүйерлер сенімін ақтап, құрметке кенеліп отыр.
Негізі әлем чемпионатында 6 елден келген кіл мықтылар сегіз салмақ бойынша жүлделерді сарапқа салған. Жалпы есепте ел спортшылары төрт жүлде жеңіп алса, екі жүлдені ақтөбелік спортшылар еншілеген.
Жерлестеріне ерекше құрмет көрсеткен жамбылдықтар қос мықтаға ат мінгізіп, сый-сияпат көрсетті. Балуандарға ақсақалдар батасын берсе, аудан тұрғындары жеңімпаздарын мақтан тұтатынын айтуда.
Жамбылдық саңлақтардың бапкері Азат Жұмаділов те шәкірттеріне ризашылығын білдіріп, мақтауын асырды.
Жамбыл Инфо
28.06.2022

Ұқсас жаңалықтар

Аудан әкімі тұрғындарды қабылдады
Қордай ауданының әкімдігі - 18.08.2022 15
Халықтың талап-тілегі ескерусіз қалмайды
Жуалы ауданының әкімі Жалғас Мұртаза Әлижанұлы - 18.08.2022 42
Жамбылда биыл 22 890 оқушы 1-сыныпқа барады
Тараз Жиырма Төрт - 18.08.2022 15
МӘМС – халыққа тиімді жоба
Сұхбаттасқан – Тілекгүл ЕСДӘУЛЕТ - 18.08.2022 72
Шерхан және Мұсатай
Доқтырхан Тұрлыбек, жазушы, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты - 17.08.2022 184
Әбілқайыр хан және Күсеп батыр
Самат ӨТЕНИЯЗОВ, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, т.ғ.к. - 11.08.2022 328
Сіз қандай қариясыз?
Мақұлбек МАЛДАРБЕКОВ, Қазақстанның құрметті журналисі - 11.08.2022 340

Топ жаңалықтар

1
Орталық Азиядағы ең үлкен мешіт Нұр-Сұлтанда
Show more
Ермек САХАРИЕВ - 2022-08-18 120
2
Руслан Жақсылықов Мәскеуге барды
Show more
Ермек САХАРИЕВ - 2022-08-18 116
3
Әсерлі саяхат
Show more
Ләззат ҚАЖЫМОВА БҚО Орал қаласы - 2022-08-18 97
4
МӘМС – халыққа тиімді жоба
Show more
Сұхбаттасқан – Тілекгүл ЕСДӘУЛЕТ - 2022-08-18 72
5
Шерхан және Мұсатай
Show more
Доқтырхан Тұрлыбек, жазушы, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты - 2022-08-17 184