Жаңа ғимаратта тынысы кеңейген балабақша

Жаңа ғимаратта тынысы  кеңейген балабақша

Круглоозерный кентінде жаңа балабақша ашылып, салтанатты шараға қала әкімі Абат Шыныбеков қатысты.  

Орал қалалық әкімдігі баспасөз қызметінің мәліметінше, жаңа нысанға кенттегі осыған дейін мектеп ғимаратында жұмыс жасап келген №23 бөбекжай көшіріліп, бүлдіршіндерді көбірек қабылдауға мүмкіндік жасалған. Кентте мектепке дейінгі жастағы 200-дей бала болса, күні бүгінге дейін соның 50-ін ғана қамтуға мүмкіндік болған. Енді жаңа ғимаратта тынысы кеңейген бөбекжайда жаңа топтар ашылып, орын саны көбейтілген. 

Қала басшысы Абат Шыныбеков қаланың құрамдас бөлігі  саналатын Круглоозерный кентінің даму көкжиегі кең екенін, болашақта тұрғындары да көбейе түсетінін атап, осы ретте мектепке дейінгі ұйымдар мәселесін шешудің маңыздылығын жеткізді. Сондықтан жеке инвесторларды тарту жұмыстарына басымдық берді. 

  – Мемлекет басшысы мектеп жасына дейінгі балаларды мектепке дейінгі ұйыммен қамтуды 100 пайызға жеткізу жөнінде нақты тапсырма берген болатын. Осы орайда қаламызда балабақшаларды ашу үрдісі жақсы қарқын алып келеді. Балабақшаның типтік үлгідегі, мектепке дейінгі білім мен тәрбие  беруге  бейімделген ғимаратта орналасуы  маңызды. Сондықтан облыстық бюжеттен тиісті қаражат бөлініп, кенттегі ғимаратты жаңғыртудан өткізу арқылы бүлдіршіндеріміздің қолайлы ортада тәрбие алуларына мүмкіндік жасалды. Бұл көптен күткен заманауи балабақшада балаларды қамту көлемі ұлғайды. Қазіргі уақытта Кругоозерный кенті даму үстінде. Көпқабатты үйлер салынып, қоныстанушылар көбейді. Жыл соңына дейін жер телімдері пайдалануға беріле бастайды.  Халық санының  өсуі кентте кәсіпкерлік нысандарының, өндіріс орындарының артуына  ықпал етеді деген сенімдемін, – деді  Абат Абайұлы. 

Жаңа нысанды жаңғырту жұмыстарын «Қамқор Құрылыс» ЖШС жүргізіп, балабақша жаңа үлгідегі жиһаздармен жабдықталып, заманауи үлгіде  безендірілген. Балаларды дамыту  құралдары толықтай қамтамасыз етілген. Мұнда төрт топ жұмыс жасап, әрқайсысына 25  баладан қабылданады. Аулада әр топ үшін ойын алаңдары дайындалып, абаттандырылған. Балабақшаның пайдалануға берілуімен жаңа жұмыс орындары да ашылып отыр. 

Орал қалалық білім беру бөлімінің басшысы Ақжарқын Темірханованың айтуынша, қазіргі уақытта шаһардағы 16 мыңдай бүлдіршін мектепке дейінгі ұйымда тәрбие алады. Оның ішінде 3-6  жастағы балалар 100 пайыз қамтылса, 1-6  жастағыларды қамту – 75,5 пайыз деңгейінде. Ел Президенті міндеттеген балаларды мектепке дейінгі ұйымдармен қамту көрсеткішін арттыру тапсырмасына жеке  балабақшалардың ашылуы оң септігін тигізіп отырғанын атап өту керек. Қазіргі уақытта қаламызда 50 мемлекеттік балабақша болса, 84 жеке балабақша мемлекеттік тапсырыс негізінде жұмыс жасауда.

 

Ләззат ҚАЖЫМОВА, БҚО, Орал қаласы
23.09.2021

Ұқсас жаңалықтар

ЖАС МАМАНДАРДАН ТАПШЫЛЫҚ КӨРУДЕМІЗ
Аманкелді ЖҰМАШҰЛЫ, Алматы – Ақтөбе - 30.11.2024 40
Батыс Қазақстан: Тарихи мекенге сапар
Ләззат ҚАЖЫМОВА, Орал-Хан ордасы-Орал - 30.11.2024 86
Қаратүнектегі маздаған шырақ
Ертай АЙҒАЛИҰЛЫ - 29.11.2024 68
Батырға арналған жиын
Шаргүл ҚАСЫМХАНҚЫЗЫ - 29.11.2024 34
Ауылшаруашылығын өркендеткен ауқымды істер
Голрох ЖЕМЕНЕЙ, Маңғыстау облысы - 29.11.2024 74
Батыс Қазақстан: Тарихи мекенге сапар
Ләззат ҚАЖЫМОВА, Орал-Хан ордасы-Орал - 30.11.2024 86
Ауылшаруашылығын өркендеткен ауқымды істер
Голрох ЖЕМЕНЕЙ, Маңғыстау облысы - 29.11.2024 74
Сыр өңіріндегі өрісті істер
Ерқазы СЕЙТҚАЛИ - 28.11.2024 73
Тал түсте Шығысты қараңғылық бастырған «бір сағаттық белдеуге қарсымыз» дейді халық
Дәулетбек БАЙТҰРСЫНҰЛЫ, экспедицияның мүшесі, «Мөлдір бұлақ» журналының Бас редакторы - 28.11.2024 81
МӘСЛИХАТ МЕРЕЙТОЙЫ – ЖАҢАРУДЫҢ ЖАРҚЫН ҮЛГІСІ
С. КӘРІПБАЕВ, Абай облысы - 28.11.2024 71
 Павлодарда бірнеше зауыт салу жоспарлануда
Тілеуберді САХАБА, Павлодар облысы - 28.11.2024 78
 Қала бюджеті артып отыр
Ш.МЕКЕНБАЙҰЛЫ, Шымкент қаласы - 28.11.2024 76
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 297

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9308
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8702
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11931
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9704
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10912