ЖАҢА МЕДИЦИНАЛЫҚ ОРТАЛЫҚ АШЫЛДЫ

ЖАҢА МЕДИЦИНАЛЫҚ ОРТАЛЫҚ АШЫЛДЫ
Жанның саулығы – тәннің саулығы. Ауданымызда денсаулық сақтауға арналған арнайы орындар қатары тағы бір мекемемен толықты. Аудан жұртшылығының денсаулығына сапалы қызмет етуге бағытталған «Серпін» медициналық орталығы ашылды.
Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында ел игілігіне ұсынылған жаңа нысанның салтанатты ашылу рәсіміне аудан әкімінің орынбасары Қайрат Исмаил қатысып, аудан басшылығы атынан құттықтауын жеткізді.
- Халық денсаулығы - тәуелсіз еліміздің баға жетпес байлығы. Елімізде тұрғындардың денсаулығын сақтау мақсатында жүйелі жұмыстар атқарылып келеді. Соның жарқын көрінісі - жыл сайын медициналық тіректер, ауруханалар салынуда. Міне, бүгін Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығы қарсаңында, аудан орталығында «Серпін» медициналық орталығы пайдалануға беріліп отыр. Жаңа орталық озық үлгідегі медициналық құрал-жабдықтармен қамтылған.
Аталған орталық өткен жылы қаңтар айында Жамбыл ауданының Аса ауылында ашылған. Бір ауысымда 50 адамды қабылдай алатын нысанда ересектер мен балаларға жолдама арқылы, үшінші кезеңдегі оңалту бойынша және стоматологиялық тегін міндетті медициналық сақтандыру бойынша көмек түрлері көрсетіледі. Жылына 500 адамға дейін қабылдауға мүмкіндігі бар орталықта ем алушыларға барлық жағдай қарастырылған. Мұнда физиотерапия, терапия, неврология, емдік дене шынықтыру, жаттығу залы және массаж бөлмелері бар. Емделушілерге реабелитолог, стоматолог, невропатолог, педиатр, психолог, логопед, кардиолог дәрігерлер кеңес беріп, көмек көрсетеді.
- 2020-2021 жылдары аралығында орталықта күндізгі стационарлық оңалту бойынша 498 науқас емделіп шықты. Сондай-ақ, амбулаториялық оңалтудан 8299 қызмет, стоматологиялық көмектен 11116 қызмет және қосалқы көмек түрлерінен 11323 қызмет көрсетілді. Жаңа ашылған орталықта 23 маман қызмет етеді, - деген Инара Сәрсенқызы орталықтың негізгі басым бағыты сапалы кешенді оңалтуға деген қолжетімділікті арттыру екенін атап өтті.
Байзақ ауданы әкімдігі
18.11.2021

Ұқсас жаңалықтар

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕРДІ АЛУШЫЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ БҰЗЫЛМАУЫ ТИІС
Р.Шарипов, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы - 26.11.2024 94
Таласқа ешкімнің таласы жоқ
Serik Salemov, Жамбыл облысы әкімінің орынбасары - 26.11.2024 104
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 199
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 199
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 336
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 339
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 566
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 513

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9216
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8611
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11837
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9607
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10820