Жаңа өзгерістер жаңашылдыққа бастасын!

Жаңа өзгерістер жаңашылдыққа бастасын!

«АMANAT» партиясы «Жастар Рухы» жастар қанатының кезектен тыс VI съезі 4 күнге созылды. Жастар форумының соңғы күні партияның Атқарушы хатшысы Асхат Оралов 4 күн бойы белсенді жұмыс істегені үшін барлық өңірден келген делегаттарға алғыс айтып, естелік сертификаттар табыстады.

Ол «Жастар Рухы» Қазақстан бойынша 100 мыңнан астам жас азаматты біріктіретінін, олардың 90 пайызы өңірлердегі белсенділер екенін атап өтті.

Жаңа Қазақстанның жаңа іргетасының қалануына үлкен күш-жігер қосып, зор рөл атқаратын ол «Жастар» съезд барысында партияда болып жатқан ребрендингпен бірге Жастар қанатында да жаңа өзгерістер орын алды. Осыған байланысты Жастар қанатының аты «Жастар Рухы» деп өзгертілуі жайында ұсыныс тасталып, съезге қатысқан барлық делегаттар бірауыздан қолдады.

Әр күні бағдарламаға сәйкес кәсіби шеберлікті дамыту мен тәжірибе алмасу үшін спикерлермен кездесу, ашық диалогтар өтті. 

Қатысушылар үшін білім беру тренингтері ұйымдастырылды. Белгілі мемлекет және қоғам қайраткерлері «Jas Talks» ашық диалог алаңының қонағы болды. Кезектен тыс VI съездің шешімімен жастар қанатын трансформациялаудың жаңа бағдарламасы қабылданды. Жастар ұйымының атауы мен Орталық кеңестің құрамы өзгерді.

Рауан МУТАИР, Айсәуле КЕНГАШОВА
21.07.2022

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 5158
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 5321
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 20284
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 18923
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 22381