«Жаңа Қазақстан» балалар көзімен...

«Жаңа Қазақстан» балалар көзімен...

Конституцияға өзгерістер мен толықтыру енгізу мақсатында өтетін референдумды қолдау мақсатында елордада «Жаңа Қазақстан» арт-флэшмобы өтті. Арт-флэшмобқа негізінен қаладағы аула клубтарының белсенді оқушылары қатысты. Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігі «Астана жастары» КММ-нің қолдауымен ұйымдастырылған іс-шараның басты мақсаты қабілетті, шығармашыл дарынды балаларды анықтап, оларға шығармашылық шабыт сыйлау. 

Сонымен қатар ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы жылды «Балалар жылы» деп белгілеп, халыққа жолдауында «Қазіргі заман балалар үшін айтарлықтай қауіпті, сондықтан олардың энергиясы мен қызығушылығы дұрыс бағытқа бағытталуы керек. Балалар – біздің мемлекетіміздің болашағы» – деп атап өткен болатын. Сондықтан балалар мен жасөспірім жастарды қолдау – болашаққа салынған сенімді инвестиция саналады. Осы орайда «Астана жастары» КММ басшысының орынбасары Аян Ерментаев:

– Өздеріңізге белгілі биыл «Балалар жылы» болып жарияланды. Қазір балалардың бос уақытын тиімді пайдалануын ұйымдастыру үшін қаламызда аула клубтары жұмыс істеп жатыр. Мұнда тәрбиеленуші балалар әртүрлі үйірмелерге тегін қатысып, өздерінің шығармашылығын шыңдауға дағдыланған. Сондықтан балалардың шығармашылық мүмкіндіктерін дамыту мен жетілдіру және алда келе жатқан референдумды қолдау, «Жаңа Қазақстан» моделіне өз үлесімізді қосу мақсатында арт-флэшмоб ұйымдастырып отырмыз. Балалар қазір «Жаңа Қазақстан» тақырыбы аясында асфальтқа сурет салады. Жалпы бұл іс-шараға әр командада 10 адамнан 9-дан астам команда қатысып жатыр, – деді.

Бүгінде елордада 30-ға жуық спорт және шығармашылық аула клубтары бар. Олар тұрғындарға тегін қызмет көрсетеді. Негізгі мақсаты – әлеуметтік осал топтағы отбасы балаларының бос уақытын тиімді өткізу. Аула клубтарындағы сабақтар балалар мен жасөспірімдердің белсенді әрі жан-жақты дамуына әсерін тигізеді. Мұнда келгендер жаңа достар тауып, өздерін қызықтырған іспен айналысады. Аула клубтары жобасы соңғы сегіз жыл ішінде тұрақты түрде жұмыс істеп келеді. Бүгінгі таңда елорданың төрт ауданындағы 30-ға жуық клубта 3100-ден астам тәрбиеленуші бар. 7-29 жас аралығындағы балалар мен жастар үшін 133 үйірме мен секциялар жұмыс істейді. Оның 76-сы спорт секциясы болса, 57-сі шығармашылық бағыттағы үйірмелер. 

«Қолөнер» аула клубының жетекшісі Рауза Балмағанбетова: 

– Біз Нұр-Сұлтан қаласы «Шеберлер» альянсы болып саналамыз. Ұйымның атынан өсіп келе жатқан жеткеншектерге ата-бабадан қалған қолөнерді үйретсек деген мақсатта жұмыс істеп жатырмыз. «Шәкіртсіз – ұстаз тұл» дейді. Балаларға қолөнер бойынша тігін тігу, басқұр тоқу, сурет салу сияқты үйірмелер жұмыс істеп жатыр. Бүгін іс-шараға өнерлі оқушыларды алып келдік. Аула клубында тәрбиеленіп жатқан балалардың бойында патриоттық сезімді қалыптастыру басты мақсатымыз. Біздің «Қолөнер» аула клубы қалада қазақша тәрбие беріп жатқан бірден бір орта. Қала әкімдігі жанындағы «Астана жастары» КММ-нің қолдауымен жақсы жетістіктерге жетіп жатырмыз. Рақмет! Еліміз өсіп, өркендей берсін, – деді. 

Тілекгүл ЕСДӘУЛЕТ
26.05.2022

Ұқсас жаңалықтар

САУРАНДА 1,5 МЛРД. ТЕҢГЕНІҢ ЖОБАСЫНА МЕМОРАНДУМ ЖАСАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 35
 САЙРАМ АУДАНЫНДА АГРОСАЛАДА АУҚЫМДЫ ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСУДА
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 55
САРЫАҒАШТА «АЛТЫН КҮЗ-2024»  МЕРЕКЕСІ АТАЛЫП ӨТТІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 30
 САУРАНДА ЖЫЛЫНА 2 МЫҢҒА ЖУЫҚ ЖҰМСАҚ ЖИҺАЗ ШЫҒАРАТЫН ЦЕХ АШЫЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 56
МАҚТААРАЛДА ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «АУЫЛ БАРЫСЫ» ТУРНИРІ БАСТАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 22
Қар тазалауға 189 техника сақадай сай
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 56
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 165
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 170
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 385
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 351
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 968

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9046
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8442
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11669
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9432
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10650