«Жаңа Қазақстан» — олигархиясыз, жемқорлықтан ада мемлекет

«Жаңа Қазақстан» — олигархиясыз, жемқорлықтан ада мемлекет

     «Жаңа Қазақстан» тұжырымдамасына қатысты сарапшы ретінде пікір білдірген Еуропалық құқық және адам құқықтары институтының директоры Марат Бәшімов: «Меніңше, «Жаңа Қазақстан» — бұл — нақты әлеуметтік бағдарланған мемлекет. Яғни, ол — олигархиясыз, көлеңкелі экономикасыз және сыбайлас жемқорлық жоқ мемлекет. Егер көлеңкелі экономика мен сыбайлас жемқорлық болмаса, онда біз әділ және адал мемлекет бола аламыз. Бюджет те жөнімен жұмсалады, ал бұл дегеніміз әлеуметтік дамудың белгісі. Мен үшін жаңа Қазақстан — әділетті сот және кез келген азаматтың мүддесін қорғайтын құқық жүйесі. Бүгінгі құқықтық жүйедегі қорқыныштан арылу керек. Яғни билік пен халықтың өзара жауапкершілігі болуы керек. Жаңа Қазақстан — әр азаматтың проблемасына мән беретін мемлекет. Сол сияқты азаматтар да заң талабы мен құқықты сақтауы тиіс. Сонда ғана әділетті қоғам мен тиімді мемлекет болады. Нақтысы осы. Дамимын деген мемлекет үшін әділетті қоғам, теңдік және адам құқығының сақталуы маңызды. Ал мемлекет ел игілігі үшін тиімді жұмыс істеуі тиіс. Сондай-ақ, елімізде сапалы білім мен әлеуметтік медицина болуы керек»,— деді.

   Еске салсақ, биыл 11 қаңтарда Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев: «Қазақстанда дамудың жаңа кезеңі басталады»,— деген еді. Сонымен қатар Президент жаңа Қазақстан құрудың мақсатын да айтқан. «Жаңа Қазақстанның мақсаты – азаматтардың әл-ауқатын арттыру, табыс алшақтығын жою, жұмыс орындарын ашу және инфляцияны тежеу. Біздің барлық күш-жігеріміз миллиондаған қазақстандықтың қауіпсіздігі мен тұрмыс жағдайының сапасын жақсартуды қамтамасыз етуге бағытталған. Қазақстан экономикасы орнықтылығын көрсетті. Үкімет отандық, шетелдік инвесторлар мен сауда жөніндегі серіктестеріміздің сенімін арттыру үшін барлық қажетті шараны қабылдайды»,— деп жазған еді Қ.Тоқаев Twitter парақшасында.

Ермек Сахариев
18.02.2022

Ұқсас жаңалықтар

АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 150
САУРАНДА 1,5 МЛРД. ТЕҢГЕНІҢ ЖОБАСЫНА МЕМОРАНДУМ ЖАСАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 60
 САЙРАМ АУДАНЫНДА АГРОСАЛАДА АУҚЫМДЫ ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСУДА
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 186
САРЫАҒАШТА «АЛТЫН КҮЗ-2024»  МЕРЕКЕСІ АТАЛЫП ӨТТІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 55
 САУРАНДА ЖЫЛЫНА 2 МЫҢҒА ЖУЫҚ ЖҰМСАҚ ЖИҺАЗ ШЫҒАРАТЫН ЦЕХ АШЫЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 183
МАҚТААРАЛДА ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «АУЫЛ БАРЫСЫ» ТУРНИРІ БАСТАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 48
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 150
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 297
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 295
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 511
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 468

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9168
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8566
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11794
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9562
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10774