«Жаңа Қазақстан. Таза табиғат» экологиялық акция

«Жаңа Қазақстан. Таза табиғат» экологиялық акция
Бүгін, Тараз қаласы «Тараз металлургия зауыты» ЖШС-нің санитарлық-қорғау аймағының аумағында ағаш отырғызу бойынша «Жаңа Қазақстан. Таза табиғат» экологиялық акция өтті.
🌳2023 жылы Тараз қаласы мен аудандардың елді мекендерінде 205 мың дана ағаш отырғызу көзделген болса, бүгінге 150 мыңнан аса ағаш отырғызылды, қалған ағаш көшеттерін жыл қорытындысымен орындалу көзделуде.
✅Акцияның басты мақсаты – экологиялық мәдениетті қалыптастыру және тұрғындарды қоршаған ортаны ластамауға, тазалықты сақтауға шақыру.
🔹️Акцияға агроөнеркәсіптік кешен саласындағы басқармалардың, департаменттің және инспекцияның қызметкерлері қатысты. Аталған шара өскелең ұрпақты тазалыққа, тәртіпке үйретеді. Акцияға жастар қауымы да тартылды. «Болашақ ұрпаққа таза табиғат әлемін қалдырамыз десек, әркім өз ісіне салғырт қарамасын»,- дейді экологиялық акцияға қатысушылар.
🚰Әрі қарай суару және көшеттерді күту жұмыстары «Тараз металлургия зауыты» ЖШС-нің қызметкерлерінің күшімен жүзеге асырылады.Аталмыш акция облыстың барлық аудандарында өз жалғасын табуда.
Жер Қатынастары Басқармасы
21.10.2023

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 5005
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 5171
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 20126
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 18771
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 22227