Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаев облыс орталығындағы №1 мектеп-гимназиясында орналасқан №8-ші учаскесіне сағат 10 –да келіп дауыс беріп, өңір жұртын осы тарихи күнмен құттықтады.
Өңір басшысы:- Бүгіні күні елге елеулі өзгеріс әкелетін референдумға келіп, өз қалауыма сай, дауыс бердім.Өңір жұрты өз ынта қалауларымен белсенді түрде дауыс береді деп сенемін. Ел халқы баршаңызды осындай тарихи күнмен құттықтап, сәттіліктер тілеймін,- деді өңір басшысы.
Бұл учаскеде барлығы 1461 адам тіркелген, сағат 11кезінде дауыс берушілердің 10 пайыздан астамы дауыс беріпті.
Өз мекен жайымыз бойынша да дауыс беретін № 11 сайлау учаскесінеде түс ауа ат басын бұрдық. Мұнда барлық тіркелген дауыс берушілердің 54 пайызы дауыс беруге келіп, өз таңдауларын жасағанын комиссия төрағасы Дошанов Сейілбек Құсайынұлынан естіп білдік.
Комиссия төрағасы С.Дошанов:- Тұрғындардың белсенділігі 12 сағат кезінде артты. Түс ауа саябырсып келеді. Бірақ, межелі уақыт біткенше келушілер саны артады, деген сенімдемін.- дейді.
Халық референдумнан не өзгеріс күтетіні жайлы сауалға төраға С.Дошанов:- Халық жаңа Қазақстанда жаңаша өзгеріспен, бет бұрысты қалайды. Тіліміз тіріліп, жеріміз жекенің қолында кетпеуін Алладан сұрап, билікке жаңаша талап қоятын болады, деп қысқа қайырды.