ЖАҢА ҚАЗАҚСТАНДЫ БӘРІМІЗ БІРГЕ ҚҰРАМЫЗ

ЖАҢА ҚАЗАҚСТАНДЫ БӘРІМІЗ БІРГЕ ҚҰРАМЫЗ

Кеше  Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев «Жаңа Қазақстан: жаңару мен жаңғыру жолы» атты өзінің кезекті Жолдауын жариялады.

Президентіміз айтқандай, еліміз үшін мән-маңыздылығымен ерекшеленген бұл Жолдауда алдымызға биік мақсаттар қойылып отыр.
Қасым-Жомарт Кемелұлы алдымен ел бірлігінің тұтастығын сақтаудың маңыздылығына үлкен мән берді.


Жолдаудың негізгі өзегі еліміздің әлеуметтік экономикалық жағдайын жақсарту мақсатында саяси реформаларды жүзеге асыруға бағытталғанын айтқым келеді. Бұл ретте, бірінші Президенттің өкілеттігі туралы айтқан Мемлекет басшысы Президент өзінің өкілеттігін атқару кезеңінде партияға мүшелігін тоқтатуы міндетті екенін заң жүзінде ресімдеуді ұсынды. Дәл сол сияқты, Орталық сайлау комиссиясының, Есеп комитеті мен Конституциялық кеңестің төрағалары және мүшелері міндетті түрде партиядан шығуы керек деген норманы да заңнамаға енгізген жөн деп атап өтті.
Президенттің өкілеттігін біртіндеп қысқарта отырып, Парламенттің рөлін арттыруды, сол арқылы мемлекетіміздің институционалдық тұғырын нығайту қажеттігін жеткізді.
Мемлекет басшысы Жаңа Қазақстанды құру саяси бәсекелестікті қамтамасыз етуден басталатындығын жеткізіп, партияларды институционалдық және ұйымдастырушылық жағынан дамытуға барынша қолайлы жағдай жасауымыз керектігін атап өтті. Осы орайда, партияларды тіркеу шегін 20 мыңнан 5 мыңға азайтып, партияларды тіркеу рәсімдері жеңілдейтін болды.
Мемлекетіміз қашан да демократиялық даму жолын ұстанып келеді. Алайда, біз бір орында тоқтап қалмауымыз керек. Сондықтан, Мемлекет басшысының сайлау үдерісін заман талабына сай жетілдіру мақсатында көтерген бастамаларын қолдаймын. Бұл бізге ашықтық пен демократиялылықты қамтамасыз етеді.
Демократиялы елдің басты ұстамы – азаматтардың құқықтарының сақталуы екені анық. Бұл орайда, Қасым-Жомарт Кемеұлы құқық қорғау институттарын күшейту керектігін айтты. Азаматтарға құқықтық нормаларды түсіндіретін Конституциялық кеңестің орнына, Конституциялық сот институтын құруды ұсынды. Бұл дегеніміз кез келген адам құқықтық нормаларға қатысты сауалдары бойынша аталған институтқа тікелей жүгіне алады деген сөз. Осы бастамалар әділ әрі құқықтық мемлекет құру жолындағы маңызды қадам болады деп есептеймін.
Ел Президентінің аталған Жолдауындағы саяси реформалар жүйелі әрі кешенді түрде дайындалған. Мемлекет басшысы сайлау жүйесі мен парламенттік басқаруды жетілдіру шараларын ұсынғанда елдің әкімшілік-аумақтық құрылымын ескеруі де соның дәлелі десек артық айтқандық емес. Еліміз экономикалық-әлеуметтік дамудың жаңа кезеңіне қадам басқан шақта сын-қатерлердің де алдын алуды ұмытпағанымыз жөн екенін ұқтырды.
Еліміздің демографиялық ахуалын ескере отырып, Семей аймағында Абай облысын, Жезқазған облысының аумағында Ұлытау облысын құруды, сонымен қатар, Алматы облысын Жетісу және Алматы облыстары деп екіге бөлуді ұсынды. Президенттің бұл ұсыныстарының астарында демографиялық ахуалмен қатар, еліміздің тарихи өткені мен саяси мән жатыр. «Қуатты өңірлер – қуатты ел» деген ұстаным маңызын жоғалтқан жоқ. Абайдай ұлтымыздың ұлы тұлғасына облыс атауын беріп, тарихи атауларымызды қайта түлету – рухани жаңғыруымызға тың серпіліс берер анық.
Сонымен қатар, Қасым-Жомарт Кемелұлы өз Жолдауында жергілікті өзін-өзі басқаруды орталықсыздандыру тетіктері мен дағдарысқа қарсы кезек күттірмейтін шаралар туралы кеңінен баяндап өтті.
Бәріміз куә болып отырғанымыздай, Президентіміздің жаңа Жолдауындағы ауқымды өзгерістер – халқымыздың әл-ауқатын арттыруға, Қазақстанның жан-жақты орнықты мемлекет ретінде қалыптасуы мақсатында енгізілуде.

Бұл орайда, бәріміз біртұтас ел ретінде, бір мүдде аясында Президенттің айналасына ұйысуымыз керек. Сонда ғана, мақсаты биік, болашағы жарқын ел ретінде дамудың даңғыл жолына түсеміз. Жаңа Қазақстанды бәріміз бірге құрамыз.

 
Руслан Нұрсипатов, Меркі ауданы әкімі
17.03.2022

Ұқсас жаңалықтар

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕРДІ АЛУШЫЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ БҰЗЫЛМАУЫ ТИІС
Р.Шарипов, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы - 26.11.2024 89
Таласқа ешкімнің таласы жоқ
Serik Salemov, Жамбыл облысы әкімінің орынбасары - 26.11.2024 99
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 195
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 195
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 332
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 335
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 561
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 509

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9210
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8607
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11833
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9603
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10816