Жаңа Қазақстанды құру әр отбасыдан басталады

Жаңа Қазақстанды құру әр отбасыдан басталады

Елімізде өзіндік орны, отыз жылдық тарихы бар басылымның бірі — халықаралық «Qazaqstan dauiri» қоғамдық-саяси газетінің құрылтайшысы «Qazaqstan dauiri» ЖШС-нің Бас директоры, Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген қайраткері, Жамбыл облысының Құрметті азаматы Сәуле Мешітбайқызы Жуалы ауданына іссапармен барды. 

Ел анасы, ұлт руханиятының жанашыры С.Мешітбайқызын аудан әкімінің орынбасарлары мен бірқатар бөлім басшылары қарсы алды.

Аудан әкімдігінің мәжіліс залында өткен кездесуді аудан әкімінің орынбасары Асхат Жабағы ашып, 5 маусым күні өтетін Республикалық референдумды қолдау жөніндегі аудандық штабтың жұмысы туралы қысқаша баяндады.

Сәуле Мешітбайқызы алдағы референдумның маңыздылығы жайлы айта келіп, бүгінгі қоғамдағы түйткілді мәселелерге тоқталды.

— Мемлекет басшысы айтқан Жаңа Қазақстанды құру бәрімізге байланысты. Біздің қолымызда жаңа Қазақстанды бірден құрып жіберетін сиқырлы таяқша жоқ. Жаңа Қазақстанды құру әр отбасыдан, әрбір ұжымнан, әрбір ауылдан басталады.

Қазір өз отбасын басқара алмай отырған кей адамдар әлеуметтік желіде ақыл айтқыш болды. 

Жасыратыны жоқ, бүгінде ұрпағымызды әлеуметтік желі тәрбиелеп отыр. Ал әлеуметтік желіде кімдер отыр, олардың мақсаты не, олар не айтып жатыр?..

Өкінішке қарай, естіп, көріп жатқан небір жаға ұстатар жағдайлар көп ұзамай өз облысымызда, айналамызда болып жатады. Мұның барлығы елімізде идеологияның ақсап тұрғанының салдары. 

Біз бала кезімізде кітап, газет-журнал оқып өстік. Біз ақын-жазушылармен кездесіп, оларға еліктеп, театрмен, кітаппен өстік. Ал қазіргі жастар Абайдың кім екенін, Бауыржан Момышұлының кім екенін білмейді. Бұл масқара ғой. Мені осындай мәселелер толғандырады. Бізге ешкім ештеңе жасап бермейді. Біз өзіміз жасауымыз керек. 

Мен орыстан емес, мәңгүрт қазақтан қорқамын. Кешегі әлеуметтік желідегі баласын орыс балабақшасына, мектепке беремін деп жүрген қазақ әйелдерінен қорқамын. Ана – бұлақ. Барлық тіршіліктің, тәрбиенің бастауы – ана. Ана тілінің құндылығы, дамуы да анадан басталады. Сондықтан ұлт тәрбиешісі аналар біз бала тапқанымызды, еңбегімізді міндетсінуді қойып, міндетімізді орындайық. 

Жақсыны көре білейік. Біз құрып бара жатырмыз деп айқайлағанша, іске көшейік.

Мен сіздерге осы жүрегімнен шыққан сөздерімді жеткізуге келдім. 

Алдағы референдумға халық болып қатысайық. Елдігімізді ойлайық. Ішкі, сыртқы жауымыздың елдігімізге нұқсан келтіруіне жол бермейік, — деді Сәуле Мешітбайқызы.

Қоғам қайраткері сонымен бірге қазақ баспасөзіне деген көзқарас түптеп келгенде қазақ руханиятына деген көзқарас екенін баса айтып, ел-жұртты баспасөзге жазылуға, оқуға шақырды.

Перизат Шымыртайқызы, Жуалы ауданы, Жамбыл облысы
23.05.2022

Ұқсас жаңалықтар

АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 71
САУРАНДА 1,5 МЛРД. ТЕҢГЕНІҢ ЖОБАСЫНА МЕМОРАНДУМ ЖАСАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 46
 САЙРАМ АУДАНЫНДА АГРОСАЛАДА АУҚЫМДЫ ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСУДА
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 108
САРЫАҒАШТА «АЛТЫН КҮЗ-2024»  МЕРЕКЕСІ АТАЛЫП ӨТТІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 42
 САУРАНДА ЖЫЛЫНА 2 МЫҢҒА ЖУЫҚ ЖҰМСАҚ ЖИҺАЗ ШЫҒАРАТЫН ЦЕХ АШЫЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 109
МАҚТААРАЛДА ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «АУЫЛ БАРЫСЫ» ТУРНИРІ БАСТАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 34
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 71
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 217
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 222
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 436
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 399

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9093
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8491
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11719
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9485
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10700