Жаңа стадион – жас ұрпақтың қамы үшін

Жаңа стадион – жас ұрпақтың қамы үшін

Көкшетау қаласында жаңа футбол стадионының құрылысы басталуына арналған уақыт капсуласын салу бойынша салтанатты рәсім өтті.

Іс-шараға облыс әкімі Марат Ахметжанов, «SB INVEST GROUP» ЖШС директоры Сағындық Есетов, «Integra Construction KZ» ЖШС бас директоры Мадияр Саттыбаев, «Оқжетпес» ФК директоры Ербол Қайыров және спорт сүйер қауым өкілдері қатысты. Бұл жоба Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2025 жылғы қыркүйекте өңірге жасаған сапары барысында жүктеген тапсырмалары аясында атқарылып жатқанын Марат Мұратұлы көпшілікке жеткізді.

Әкім сөзінде: «Футбол елдегі танымал спорт түрлерінің бірі болып қала береді. Сыйымдылығы 10 мың көрерменге шақ стадион UEFA халықаралық стандарттарына сай болады. Бұл қаламызда халықаралық, республикалық жарыстармен қатар жастар құрамаларының бәсекелері, ұлттық турнирлердің финалдық ойындарын өткізуге мүмкіндік береді», – деп атады.

Жоба заманауи инфрақұрылымды қамтыған: онда жайлы трибуналар, санитарлық аймақтар, фудкорттар, сондай-ақ мүмкіндігі шектеулі азаматтар үшін қолайлы жағдайлар қарастырылған. Сонымен қатар Қазақстан Премьер-лигасында өнер көрсететін «Оқжетпес» футбол клубы үшін толыққанды жаттығу базасын салу жобада қарастырылған. Стадион Сарыарқа шағын ауданында салынады. Мұнда соңғы жылдары медициналық, білім беру және спорт нысандарының құрылысы жедел бой көтеріп келеді.

Жаңа стадион қала тұрғындары мен қонақтары үшін тартымды орынға айналды. Ол тек спорттық іс-шаралар ғана емес, концерттер, фестивальдер және басқа да бұқаралық шараларды өткізуге арналған әмбебап алаң болады деген үміт зор.

Бүгінгі күні аяқ добымен облыста 30 мыңнан астам адам жүйелі түрде айналысады. Олардың қатарында 18 балалар мен жасөспірімдер спорт мектептерінде 1700-ден астам жас спортшы білім алып, жетістіктері күн сайын жетілуде. Шынықсаң шымыр боласың, жас ұрпақ!

 

Дахан ШӨКШИРҰЛЫ
21.05.2026

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 25247
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 24754
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 42188
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 38040
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 42521