Жаңаруға қабілетті ұлт қана жаһан көшінен қалмайды

Жаңаруға қабілетті ұлт қана  жаһан көшінен қалмайды

Қазір егемен еліміздің жаңа дәуірге қадам басқанын көріп те, біліп те отырмыз. Мемлекет басшысының Жарлығына сәйкес алдағы 5-ші маусымда өтетін Республикалық референдум соның жарқын айғағы. Ата заңымыз – Қазақстан Республикасының Конституциясына енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бүкілхалықтық талқылау нәтижесінде қабылданатын болады. Жақында Қазақстандық Кітапханалық одақ мүшелері – республикалық және аймақтық кітапханалар жетекшілерінің қатысуымен Ұлттық кітапханадағы «дөңгелек үстел» басында конституциялық өзгерістер туралы жан-жақты әңгіме болды.

Еліміз өміріндегі бұл – саяси маңызы зор оқиғаның жаңаруға бел буған билік пен қоғам арасындағы өзара әріптестіктің, яғни халықтың мемлекетті басқаруға қатысуын нығайтудың нақты қадамына айналарына сенімдіміз. Біздің осы ойымызды мыңдаған кітапқұмарлар мен кітапхана достарының, тілектес әрі пікірлес оқырмандардың салиқалы тұжырымдары да діттей түседі.  Олар, әлбетте сан алуан, тіпті қарама-қайшылықтары да аз емес. 

Сөз орайында  республикада қайта жаңғырған сенім мен түсіністік  2019 жылдың қоңырқай күзінде басталды десем, артық айтқандық емес. Бұл серпіліске республика Президенті Қ.К.Тоқаевтың 2019 жылғы 2 қыркүйектегі «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты халыққа Жолдауында жасаған бастамаларының, әсіресе  «еститін мемлекет» құру жөніндегі  ұстанымының негіз болғаны да шындық. 

Сондықтан қазір, сайып келгенде, бұрынғы «қоғамдық келісім» талаптары елеулі түрде өзгертіліп, мемлекет пен азаматтық қоғамды   өзара серіктес етудің саяси, әлеуметтік-экономикалық тетіктері бірте-бірте іске қосылуда. Бұл әбден қордаланып қалған проблемаларды шапшаң қолға алып, адамдар үшін  пайдалы шешімдер қабылдау мүмкіндігін әлдеқайда жақсарта түсті. Әсіресе, қоғамның әлжуаз топтарына көмек көрсетуге жете көңіл бөліне бастағаны жұртшылықтың ризашылық сезімін туғызуда. Мәселен, еліміздегі ең төменгі жалақының мөлшері аз ғана уақытта, ең алдымен 42.500 теңгеге көтеріліп,  биылғы 1 қаңтардан бастап тағы да 41 пайызға өсті және 60 мың теңгені құрап отыр. 

Бірақ, халықты әлеуметтік қолдау бағытында атқарылатын шаруа әлі де баршылық. Көп балалы отбасылар, жалғыз басты аналар, мүмкіндігі шектеулі азаматтар көмекке аса зәру. Халықтың мұқтаж топтарының өзекті мәселелері жайында қазір жергілікті жерлерде ғана емес, республикалық мәртебелі бас қосуларда да айтылып, нақты шешімдер алынатынын көріп жүрміз. Әлбетте, ол қамқорлықтың мемлекетіміздің экономикалық мүмкіндігіне қарай жүзеге асырылатыны да түсінікті. 

Өйткені, әділеттілікке көздері жеткен азаматтар ғана мемлекет ісіне белсене араласып, еңбектің нәтижелі болуына мүдделілік танытады. Ел арасында көптен бері айтылып, шешілуі созылып келген бір ғана мәселеге байланысты жоғарыда аталған Жолдауда айтылған «Ұлттық табыстың өсімінен түсетін игіліктерді әділ бөлу, тиімді әлеуметтік «лифтілерді» орнықтыру жөніндегі қоғамның өт¬кір талабы міндетті түрде орындалуы тиіс» деген сөздердің билік басындағылар үшін нақты тапсырма екені түсінікті. Бұған қоса әділ бәсекелестік, кәсіпкерлердің жаңа буыны үшін нарық ашу, адами капиталды дамыту жолындағы және басқа да сан-салалы жұмыс өз жемісін бере бастады.

Республикада азаматтардың әлеуметтік әл- ауқатын одан әрі арттыруға басымдық беріліп отыр. Ал, адамдардың тұрмыс дәрежесі мен күнкөріс жағдайының, ең алдымен, баспана мәселесіне тікелей қатысты екені баршаға мәлім. Мәселен, қазір Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша ел тұрғындарының зейнетақы жинағының бір бөлігін осы мақсатқа пайдалануға  мүмкіндік туғызылды. 

Олай болса, азаматтардың білімі мен біліктілігі, кадрларды дұрыс іріктеу мен орналастыру, өндіріс салаларына жаңа техникалар мен технологияларды енгізу, еңбекшілдік пен елжандылықты қалыптастыру шаралары өзара тығыз байланысты. Ұлттың жаңа болмысын қалыптастырып, ұлт сапасын тұтастай арттыруға байланысты соңғы уақыттарда қолға алынған шаралар да соны көрсетеді. Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлы айтқандай «Білімді болуға оқу керек. Бай болуға кәсіп керек. Күшті болуға бірлік керек. Осы керектердің жолында жұмыс істеу керек».  

Алматының зиялы қауымының Ұлттық                 кітапхананы халқымыздың ізгі қасиеттері мен салт-дәстүрлерін дамытудың орталығы ретінде құрмет тұтатынын білеміз. Олар туған ұлтымыздың жаңа болмысын қалыптастыру, жат әдеттерден арылу жайында бізде өтетін әңгімелерге белсенді атсалысады. Замандастарды өзара рухани байытатын мұндай кездесулерде халықты биік мұратқа жетелейтін еңбек пен еңбек адамының мәртебесі ардақталады.

Халықтың тұрмыс сапасын жақсарту жұмыстарының жемісін жаңа жылдан бастап еліміздің кітапханашылары да нақты сезіне алды десем, артық айтқандық емес. Мәселен, биылғы жылдан бастап 2025 жылға дейін мәдениет қызметкерлерінің, оның ішінде менің әріптестерім – кітапханашылардың жалақысы жыл сайын орта есеппен 20 пайызға өсе бастады. Осы игі бастамалардың баянды болуы үшін тұрақтылық пен бейбітшілік керектігі белгілі. Жаһанды тұрақсыздық жайлап, көптеген жаңа сын-қатер пайда болып жатқан кезде біз бағдарымызды бекемдеп, болашаққа көзқарасымызды айқындай  түсуіміз үшін республика халқының өзара ауызбіршілігі бұрынғыдан да нығая түсуінің қажеттігі барған сайын айқын сезілуде. 

Ұлттық кітапханада тарихи тұлғалар мен оқиғаларға арнап өткізілетін шаралар мен кітап көрмелерін ұйымдастырғанда, жоғарыда айтқанымыздай,  халқымыздың тарихи мұрасын және мәдени әлеуетін тиімді пайдалануға, яғни ұлттық бірегейлікті нығайтуға баса көңіл бөлінеді. Ал, мемлекетіміздің өркендеуінің  аймақтардың қуатты болуына  тікелей байланысты екенін білеміз.

Ел қалауымен қабылданатын  конституциялық өзгерістер біздің мемлекетіміздің халық тілегіне сергек қарайтын мемлекетке айналып келе жатқанын көрсетеді. Тәуелсіздік жылнамасының төртінші онжылдығына жол ашқан бұл кезеңнің оңай болмайтыны қазірдің өзінде байқалуда. Сондықтан жаңаруға қабілетті ұлттың ғана жаһанға кадірлі екенін әрқашан есте ұстауымыз қажет. Демек, 5 маусымдағы республикалық референдумға бір кісідей қатысып, ел мұратын көздеген шешімге қолдау білдіру – біздің әрқайсымыз үшін азаматтық парызымыз деп түсінемін. Қазақстан кітапханашылары өз міндеттеріне осындай жауапкершілік тұрғысынан қарайды.  

 

Бақытжамал Оспанова, Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының директоры, Қазақстандық кітапханалық одақтың төрағасы
02.06.2022

Ұқсас жаңалықтар

АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 62
САУРАНДА 1,5 МЛРД. ТЕҢГЕНІҢ ЖОБАСЫНА МЕМОРАНДУМ ЖАСАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 45
 САЙРАМ АУДАНЫНДА АГРОСАЛАДА АУҚЫМДЫ ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСУДА
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 102
САРЫАҒАШТА «АЛТЫН КҮЗ-2024»  МЕРЕКЕСІ АТАЛЫП ӨТТІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 41
 САУРАНДА ЖЫЛЫНА 2 МЫҢҒА ЖУЫҚ ЖҰМСАҚ ЖИҺАЗ ШЫҒАРАТЫН ЦЕХ АШЫЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 103
МАҚТААРАЛДА ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «АУЫЛ БАРЫСЫ» ТУРНИРІ БАСТАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 33
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 62
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 211
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 217
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 431
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 395

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9087
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8485
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11713
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9479
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10694