Жас ақындар жалынды жыр арнады

Жас ақындар жалынды жыр арнады

Тәуелсіздік пен тіл – егіз ұғым екені бесенеден белгілі. Өйткені ел тәуелсіз болмай, тіл тәуелсіз болмайтыны ақиқат. Тәуелсіздік дәуірінде ана тілімізді дамыту үшін жағдай жасалды. Сондай-ақ қазақ тілінде білім беретін мектептер мен оқу орындарының, балабақшалардың саны арта түсті. Шынында да Тәуелсіздік алғаннан бері қазақ тілінің мемлекеттік мәртебесін көтеруде, оның қолдану аясын кеңейту мақсатында біршама оңды істер атқарылды. Бірнеше мемлекеттік бағдарламалар қабылданып, соның аясында тиісті жұмыстар жүргізілді. Жүйелі жұмыс қазір де жалғасуда.

Біздің ауданда да Тәуелсіздікті, соның аясында төл тарихымызды, ұлттық құндылықтарымызды дәріптеу, қазақ тілінің мәртебесін көтеру бойынша іс-шаралар жоспары бекітіліп, бұл бағытта тиісті жұмыстар орындалу үстінде. Тәуелсіздіктің мән-маңызын өскелең ұрпаққа ұғындыру мақсатында карантин талаптары сақталып, түрлі мәдени, спорттық, танымдық іс-шаралар өткізілуде.

Таяуда Тәуелсіздіктің 30 жыл­ды­ғы мен Қазақстан халқы тіл­дері күніне орай аудан әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі жас ақындар арасында «Тәуелсіздік – тұғырым» атты аудандық жыр мүшәйрасын ұйым­дастырды. Оған 18-35 жас аралығындағы жергілікті жас ақындар қатысып, бірнеше кезең бойынша өнер көрсетті. Олар Тәуелсіздікті, егемендікті, елдікті, бірлікті, азаттықтың ақ таңын, Желтоқсан құрбандарын, ұлтымыздың төл тарихын, ұлт­тық құндылықтарды, ана тілі­мізді қара өлеңмен өрнектеді.

Жас ақындар қастерлі Тәуелсіздігімізді одан әрі нығайту үшін жұдырықтай жұмылып, ерен еңбектің үлгісін көрсетіп, туған тілімізді ту етіп ұстап, жасампаз Қазақстанның жарқын болашағын жасауда аянбау керектігін отты өлеңдері арқылы жеткізді.

Аудан әкімдігі мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Асқар Байдалиев төрағалық еткен қазылар алқасының шешімімен бесағаштық Салтанат Кусева бірінші орынды, ерназарлық Айгүлім Жайлыбекқызы екінші орынды, ақбастаулық Спандияр Мұрат үшінші орынды иеленіп, түрлі дәрежедегі дипломдармен марапатталды. Ал, құмтиындық Эдисса Мамбеталиеваға, бесағаштықтар Бақыт Қаттар мен Эльнура Тұрдалиеваға Алғыс хат табыс етілді. Барлығына бағалы сыйлықтар берілді.

Бірінші және екінші орындарды иемденген екі ақын қыз 7-8 қыркүйекте Тараз қаласында өтетін облыстық мүшәйраға жолдама алды.

Жасұлан СЕЙІЛХАН
01.11.2021

Ұқсас жаңалықтар

ЖАС МАМАНДАРДАН ТАПШЫЛЫҚ КӨРУДЕМІЗ
Аманкелді ЖҰМАШҰЛЫ, Алматы – Ақтөбе - 30.11.2024 20
Батыс Қазақстан: Тарихи мекенге сапар
Ләззат ҚАЖЫМОВА, Орал-Хан ордасы-Орал - 30.11.2024 46
Қаратүнектегі маздаған шырақ
Ертай АЙҒАЛИҰЛЫ - 29.11.2024 42
Батырға арналған жиын
Шаргүл ҚАСЫМХАНҚЫЗЫ - 29.11.2024 17
Ауылшаруашылығын өркендеткен ауқымды істер
Голрох ЖЕМЕНЕЙ, Маңғыстау облысы - 29.11.2024 41
Батыс Қазақстан: Тарихи мекенге сапар
Ләззат ҚАЖЫМОВА, Орал-Хан ордасы-Орал - 30.11.2024 46
Ауылшаруашылығын өркендеткен ауқымды істер
Голрох ЖЕМЕНЕЙ, Маңғыстау облысы - 29.11.2024 41
Сыр өңіріндегі өрісті істер
Ерқазы СЕЙТҚАЛИ - 28.11.2024 38
Тал түсте Шығысты қараңғылық бастырған «бір сағаттық белдеуге қарсымыз» дейді халық
Дәулетбек БАЙТҰРСЫНҰЛЫ, экспедицияның мүшесі, «Мөлдір бұлақ» журналының Бас редакторы - 28.11.2024 45
МӘСЛИХАТ МЕРЕЙТОЙЫ – ЖАҢАРУДЫҢ ЖАРҚЫН ҮЛГІСІ
С. КӘРІПБАЕВ, Абай облысы - 28.11.2024 38
 Павлодарда бірнеше зауыт салу жоспарлануда
Тілеуберді САХАБА, Павлодар облысы - 28.11.2024 39
 Қала бюджеті артып отыр
Ш.МЕКЕНБАЙҰЛЫ, Шымкент қаласы - 28.11.2024 44
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 277

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9286
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8681
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11909
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9683
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10890