Іргеміз мығым, шекарамыз бекем

Іргеміз мығым, шекарамыз бекем

Экстремизм мен терроризм-адамзат қауіпсіздігіне төнетін басты қауіп екені айқындалған. Терроризм мен экстремизм қазіргі заманның ең өзекті мәселелерінің бірі ретінде әлем алдында танылды. Тіпті  БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінен бастап аймақтық халықаралық ұйымдарға дейінгі ең жоғары алаңдарда бұл жайлы айтылып келеді.

         Экстремизм мен терроризмнің танытуы адам өмірінің жойылуына, инфрақұрылымның, рухани, мәдени құндылықтардың жойылуына әкеледі. Бұл жағдайда көбінесе жазықсыз, кездейсоқ адамдар құрбан болады. Теориялық актілер адамдардың психикасына зиян келтіреді, оларды қорқытады. Сонымен қатар, терроризм экономикаға, өнеркәсіптік – сауда байланыстарына зиян келтіреді, елдегі жағдайды тұрақсыздандырады.

16 қараша күні Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық қауіпсіздік комитетінің жаңа төрағасы Марат Ирменовті таныстырып, ведомство жұмысының негізгі бағыттарын айқындады.

Президент ұлттық қауіпсіздік органдары жүйесін реформалау, комитет жұмысының тиімділігін арттыру және алдына қойылған міндеттерді орындаудың жаңа тәсілдерін әзірлеу қажеттігін атап өтті.

Мемлекет басшысы «Заң мен Тәртіп» қағидатын іске асыруға, экономикалық саладағы ұлттық мүддені қорғауға, сыбайлас жемқорлық пен өзге де заң бұзушылықтарға қарсы күреске басымдық беруді тапсырды.

Сонымен қатар кадрларды іріктеу тәртібін жетілдіру, әлеуметтік-экономикалық тұрақтылыққа төнетін қауіптердің алдын алу және мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыру кезіндегі жемқорлық тәуекелдерін болдырмау жөніндегі профилактикалық шараларды күшейту міндетін жүктеді.

Адамдар бейбітшілік пен тыныштықта өмір сүргісі келеді. Мемлекеттің дамуы үшін тұрақтылық пен ертеңгі күнге деген сенімділік қажет. Терроризм мен экстремизмге әлемдік қауымдастық қарсы тұруда. Қазақстан да барынша сақтануға күш салуда. Заңдық тұрғыдан да Қазақстан оң шешімдер қабылдап тастағаны белгілі.

1999 жылдың шілдесінде «Терроризмге қарсы күрес туралы» Заң қабылданды. 2005 жылғы 18 ақпанда Қазақстанда «Экстремизмге қарсы іс-қимыл туралы» Заң қабылданды. Діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл мақсатында «Қазақстан Республикасында діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі 2013-2017 және 2018-2022 жылдарға арналған» мемлекеттік бағдарламалары бекітілді.

 

Нағашыбай Қабылбек

21.11.2026

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 29705
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 29263
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 46489
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 42070
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 46830