«Жас өрен» республикалық байқауының жеңімпаздары марапатталды

«Жас өрен» республикалық байқауының жеңімпаздары марапатталды

Астанадағы Еркеғали Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академиялық филармонияның концерт залында «Жас өрен» республикалық байқауының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі болды. «ҚР Президенті жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия» және Астана қаласы әкімдігінің қолдауымен алғаш рет ұйымдастырылған байқауда композиторлар мен ақындардың балаларға арнап жазған әні мен поэзия жанрындағы шығармалары сынға түсті.

«ҚР Президенті жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия» төрағасының орынбасары Салтанат Тұрсынбекованың айтуынша, байқауға қатысушылар үшін жас ерекшелік пен біліктілікке шектеу қойылмаған. Онлайн форматтағы платформада өткен байқауға мектеп оқушыларынан бастап, аға буын өкілдері де қатысқан. Салтанат Тұрсынбекова шараның ашылу салтанатындағы сөзінде, «Бұл жоба осында отырған әрқайсыңыз үшін өте маңызды. Балаларымыздың жолынашатын, үлкен сахнаға жолдама беретін үлкен мүмкіндікМемлекет басшысы жариялған биылғы балалар жылында бұл жобаның басты мақсаты - балаларға арналған отандық шығармаларды дәріптеу, балалар әндері мен өлеңдерінің репертуарын толықтыру. Балалар композиторлары мен ақындардың шығармаларын балабақшалар мен мектептерде, музыка мекемелеріне тарату арқылы біз рухани құндылықтарымызды насихаттай аламыз. Осы байқаудағы шығармаларды еліміздегі барлық кітапханаға жеткізуді жоспарлап отырмыз. Отансүйгіш сезімді қалыптастыратын өнер туындылары арқылы ұлттық руханиятқа үлес қосқысы келетін отандық авторларды қолдаудың маңызы бәріміз үшін өте зор,- деді.

ҚР Еңбек сіңірген мәдениет пен өнер қайраткерлері, мемлекеттік ұйым өкілдерінен құралған қазылар алқасы сарапқа салған 204 шығарманың 133-і поэзия, 71-і ән жанрында болған. - Мұндай байқаулар көп әрі жиі өткізілетін болса, шығармашылық адамдары мен өскелең ұрпақтың арасындағы рухани байланыс нығайып, балалар тақырыбына жазатын ақын-жазушылардың шабытына шабыт қосар еді. Сондай-ақ өскелең ұрпақтың әдебиетке, өнерге деген құштарлығының артуына септесер еді. Ұйымдастырушыларға рақмет. Бір ұсынысым, байқау шарттарында қатысушылар үшін жас ерекшелігі ескерілмеген және кәсіби ақындар мен әуесқой ақындардың шығармашылығы «бірдей таразыға тартылып» отыр. Тіпті тырнақалды шығармасын ұсынған оқушылар да бар. Мұндай жағдайда әрине таразы басын кәсіби ақын-компазиторлардыңшығармашылығы басып кетеді. Сондықтан байқау шартында кәсібилер мен әуесқойларды бөлседұрыс болады. Бәйге ашық сарапқа салынды, жалпы жабық жағдайда өткені жақсы деп ойлаймын,- деді. қазылар алқасының мүшесі, айтыскер ақын Серікзат Дүйсенғазин.

Ал «Балалар поэзиясы» номинациясы бойынша II орын иегері, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, республикалық «Мұнара» газетінің бас редакторы (Астана қаласы) Серікбол Хасанов: - Ұйымдастырушыларға рақмет. Байқаудың ұйымдастырылып жатқанын жазда телеарналардың бірінен байқап қалып, шығармаларымды жіберген болатынмын. Байқаудың жүлдегерлерінің тізімі 25 қазанда жарияланды. Марапаты Тәуелсіздік күні қарсаңында болып жатыр. Байқауға бала, отбасы тақырыбындағы, ата-ана арасындағы, бала мен әке арасындағы байланыс секілді бірнеше өлеңдер топтамасын жіберген болатынмын. Қазылар алқасы жүлдегер деп таныған екен. Рақмет! Бәрі де құтты болсын!,- деді. 

Иә, «Балалар жылы» аясында балалар тақырыбында жазатын ақын-жазушыларға, компазиторларға қолдау көрсетіп, шығармашылық шабыт сыйлаудың маңызы зор. Қазір балаларға арналған контентті, әсіресе қазақша контентті дамыту мәселесі өзекті болып отыр. Сондықтан жаңа, заманауи, ұлттық рухани құндылыққа қаныққан әдеби, мәдени конттентті байыту, өскелең ұрпаққа жеткізудің түрлі жолдарын дамыту керек. «Жас өрен» секілді байқаудың өрісі кеңіп, аймақтарда, облыстарда ұйымдастырылса құба-құп болар еді. «Бұлақ көрсең, көзін аш» дегендей, әсіресе жасөспірімдер арасында шығармашылық байлауларын ұйымдастыру арқылы, ұрпақты кітап оқуға, түрлі жанрдағы өнерге құштарлығын арттыруға болады.

 

Тілекгүл ЕСДӘУЛЕТ
14.12.2022

Ұқсас жаңалықтар

ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 108
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 107
Бәйтерек ауданы:  Берері мол бағдарламаның жемісін көруде
Ләззат ҚАЖЫМОВА, Батыс Қазақстан облысы - 15.11.2024 625
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 743
ТУҒАН КЕНТІНЕН ЗАУЫТ АШҚАН ЖАҚСЫЛЫҚ
Тұрақ АДИСҰЛЫ, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы - 15.11.2024 655
Аспан таулар етегіндегі  еңбекқор жандар
Ертай АЙҒАЛИҰЛЫ, Асым СУЛАЙМАНОВ, Алматы облысы - 13.11.2024 666

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 8799
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8199
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11425
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9179
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10411