ЖАС САРБАЗДАР САҚАДАЙ САЙ

ЖАС САРБАЗДАР САҚАДАЙ САЙ

Астана қаласының №68665 ерекше мақсаттағы әскери бөлімінде XI халықаралық «Айбын-2025» әскери-патриоттық жастар жиынына іріктеу кезеңі басталды. Үш күнге созылған «Жас сарбаз – жеңіс рухының жалғасы» жобасы қала әкімдігінің Жастар саясаты мәселелері және Білім басқармасы «Жас сарбаз» жасөспірімдер әскери-патриоттық қозғалысы республикалық қоғамдық бірлестігінің қалалық филиалының қолдауымен өтті.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, үздік деп танылған «Жас сарбаз» тәрбиеленушілері Ақтөбе облысында Ұлы жеңістің 80 жылдығы және Әлия Молдағұлованың туғанына 100 жыл толуына орай Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен халықаралық деңгейде өтетін он бірінші «Айбын-2025» халықаралық әскери-патриоттық дала жиынына жолдама алады.

– «Жас сарбаз – жеңіс рухының жалғасы» атты дала жиынына Астана қаласының 150-ден астам «Жас сарбаз» тәрбиеленушілері қатысты. Ақтөбе облысында өтетін он бірінші «Айбын-2025» халықаралық әскери-патриоттық дала жиынына Астана қаласынан іріктеуде оза шапқан төрт команда барады. Осы үш күнде жастар кермеде тартылу, қаруды шашып, қайта құрастыру, интеллектуалды және спорттық ойындар, smart сарбаз секілді сайыстарда бағын сынайды. Шараның мақсаты – жастарға әскери-патриоттық тәрбие берумен қатар идеологиялық жұмысты жүргізу, әскери рухты көтеру, – деді «Жас сарбаз» жасөспірімдер әскери-патриоттық қозғалысы республикалық қоғамдық бірлестігі Асхат Налшыбек. 

Жастарға әскери-патриоттық тәрбие беріп, айбынды елдің айбарлы ұрпағын тәрбиелеуде дәстүрге айналған дала жиыны биыл жетінші рет өтіп отыр. Жастар саясаты ел ертеңін тәрбиелеудегі ең басты бағыт болғандықтан, Астана қаласының әкімдігі әрдайым әскери-патриоттық тәрбиеге ерекше көңіл бөліп келеді. 

Қалалық Жастар саясаты мәселелері басқармасының өкілі Әлібек Жүсіпов: 

– Жыл сайын астаналық «Жас cарбаз» тәрбиеленушілер қатарына 1000-ға жуық жастар қосылады. Үш күндік іріктеу кезеңінің жеңімпаздары Ақтөбеде «Айбын-2025» халықаралық жастар жиынында Астана қаласының абыройын қорғайтынын ескере отырып, жастарға сәттілік пен ел абыройын әрдайым жоғары ұстауды тілеймін, – деді. 

Айбынды ұранмен басталып, әскери-патриоттық ән-бимен көмкерілген «Жас сарбаз – жеңіс рухының жалғасы» дала жиынында кіл мықтылар сынға түсіп қана қоймай, өзара тәжірибе алмасып, жаңа достар тауып, жауынгерлік рух ұшқынын сезіне алды десек, артық айтқандық болмас.

Іс-шара барысында ҚР Қарулы Күштерінің ардагері, генерал-майор Марат Нағыманов, Астана қаласы Жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Самат Ибраев және республикалық «Жас сарбаз» қозғалысының төрағасы Мейірбек Мендіғалиев қатысушыларға ақ жол тілеп, сөз сөйледі.

Ресми бөлім концерттік бағдарламамен жалғасты. Жиналғандарға ҚР Қарулы Күштерінің Ұлттық әскери-патриоттық орталығының әншілері мен оркестрі, қазақ эстрадасының жұлдызы Ибрагим Ескендір, Құрметті қарауыл ротасы және «Жас сарбаз» студиясының әртістері өнер көрсетті.

Іс-шара соңында қатысушылар әскери техниканың көрмесін тамашалап, әскери бөліммен танысу экскурсиясына қатысты.

 

 

Ерқазы СЕЙТҚАЛИ
28.05.2025

Ұқсас жаңалықтар

ЖЕМҚОРларМЕН КҮРЕС – ОТАНҒА ҮЛЕС
Ерқазы СЕЙТҚАЛИ - 28.05.2025 197
ЖАС САРБАЗДАР САҚАДАЙ САЙ
Ерқазы СЕЙТҚАЛИ - 28.05.2025 197
ШЫҒЫСТАҒЫ  ШЫРАЙЛЫ ЖҮЗДЕСУЛЕР
Дәулетбек БАЙТҰРСЫНҰЛЫ, «Мөлдір бұлақ» журналының бас редакторы - 28.05.2025 212
Ел болашағы –   өз қолымызда
Іңкәр БИТИМОВА - 23.05.2025 360

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 13271
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 13250
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 28365
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 27050
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 30545