Жасампаз жобалар су тапшылығын жояды

Жасампаз жобалар су тапшылығын жояды

Өңір халқын сумен қамту – шөлді аймақ үшін әсіресе жаз мезгілінде ең өзекті мәселе. Өлкедегі су тұщыту зауыты мен қондырғылар қуаты халықтың сұранысын толықтай қамтуға қауқарсыз. Бүгінде «МАЭК-Қазатомөнеркәсіп» мекемесі тәулігіне 52 текше метр көлемінде су тұщытып, Ақтау қаласы мен Түпқараған ауданын, ал «Каспий» су тұщыту кәсіпорны 20 мың текше метр суды өңдеп, Мұнайлы мен Қарақия ауданын ауызсумен қамтып отыр. Дегенмен облыста халық саны жыл санап өсіп келеді. Сәйкесінше ауызсуға деген сұраныс деңгейі де артуда. Деректерге көз жүгіртсек, бүгінгі күні облыс халқын тіршілік нәрімен толығымен қамтуға 51 мың текше метр су қажет. Ал тиісті сала мамандары 2020 жылға қарай облыс халқының тіршілік нәріне деген қажеттілігі тәулігіне 250-260 мың текше метрді құрайды деген болжам айтуда. Осыған байланысты биыл Маңғыстау өңірінде су тұщытатын жаңа қондырғыларды құру мен орнату бағытында 9 жоба іске асырылмақ.

Өңір басшысы халықпен есептік кездесуінде су ресурстарын оңтайлы пайдалану мен үнемдеу мәселесін көтерген еді. Қазіргі таңда өңірде «Каспий су тұщыту» зауытының тәуліктік қуатын 40 мың текше метрге ұлғайту жобасы Үкімет деңгейінде қаралып, іске асырыла бастады. Жоба құны 12,6 млрд теңгені құрайды. Республикалық бюджет есебінен бөлінген қаражаттың 7,55 млрд теңгесі су тұщыту қондырғыларын сатып алуға, ал 4,49 млрд теңгесі құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізуге жұмсалған. «Зауыттағы құрылыс-монтаждау жұмысының 50 пайызға жуығы өз мәресіне жетті. Жоба жыл соңында аяқталады деп күтілуде. Зауыт қуаты артқан жағдайда Мұнайлы ауданы, Түпқараған ауданына қарасты Ақшұқыр мен Сайын Шапағатов ауылдары мен Қарақия ауданының Құрық ауылы халқы ауызсумен толық қамсыздандырылады. Сондай-ақ, алдағы уақытта зауыт қуатын тәулігіне 100 мың текше метрге дейін арттыру жоспарланған», – деді Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Б.Орынбасаров

Маңғыстау облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Бердібек Қартбаевтың сөзіне сүйенсек, биыл Ақтау қаласында тәулігіне 20 мың текше метр суды тұщытатын зауыт салу жобасы басталады. Зауыт алғашқы кезеңде бір тәулікте 5 мың текше метр суды тұщытады. Жобаны іске асыру кезеңі 2022-2023 жылдарды қамтиды. Жоба құны шамамен 4 млрд теңгені құрайды. Бұдан бөлек, «МАЭК-Қазатомөнеркәсіп» ЖШС аумағындағы қосымша қуаты тәулігіне 24 мың текше метрды құрайтын су тұщыту қондырғысы салынбақ. 2021 жылы жергілікті бюджеттен жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеуге 10 млнтеңге бөлінді. Жобаны іске асыру 2022-2024 жылдарға жоспарланған. Жобаның құны шамамен 18,9 млрд теңгені құрайды. Осылайша, қала халқын ауызсумен жүз пайыз қамту жоспарланып отыр.

«Жаңаөзен қаласы мен іргелес елдімекендердің тұрғындарын, шамамен 156 мың адамды сумен қамту мақсатында Кендірлі ауылында да қуаты тәулігіне 50 мың текше метр су тұщыту зауыты салынбақ. Техникалық-экономикалық негіздемесіне мемлекеттік сараптама қорытындысы алынды. Жобаның жалпы құны 87,8 млрд теңгені құрады. Жобаны «ҚазМұнайГаз» АҚ 2022- 2024 жылдары жүзеге асырады», – дейді Бердібек Қартбаев. Сонымен қоса, Форт-Шевченко қаласы мен Ақшұқыр және С.Шапағатов елдімекендерінің тұрғындарын (20 мың адам) ауызсумен қамту мақсатында Форт-Шевченко қаласында тәулігіне 5 мың текше метр су тұщыту қондырғысы құрылысын салу жоспарланған. Келер жылы құны 7 млрд теңгеге тең қондырғының құрылысы аяқталады. Бұдан бөлек, Ақшұқыр және С.Шапағатов елдімекендерінде қуаты тәулігіне 10 мың текше метрлік су тұщыту қондырғысын орнату көзделген. Жобаның құны – 10 млрдтеңге.

«Бейнеу ауданы Бейнеу, Есет, Төлеп, Боранқұл ауылының, Жаңаөзен қаласы, Қарақия ауданы Жетібай, Мұнайшы ауылдары, Маңғыстау ауданы Сай-өтес ауылдарының тұрғындарын (250 мың адам) сумен қамтамасыз ету мақсатында Боранқұл ауылында тәулігіне 80 мың текше метр су тұщытатын зауыт және су тартқыш салу жоспарланып отыр. Оған Төңірекшің кен орнының жер асты суы пайдаланылады. Жасампаз жоба 2025 жылға қарай іске қосылады. Жобаның құны – шамамен 90 млрд теңге», – деді Бердібек Қартбаев. «Қазмұнайгаз» АҚ-на қарасты «Қаражанбас» кен орнында тәулігіне 17 мың текше метр өндіретін су тұщыту зауытының құрылысы қарқынды жүріп жатыр. Бүгінде құрылыстың 74 пайызы аяқталды. Құрылыс-монтаждау жұмыстары шамамен 2022 жылдың шілде айында аяқталады. Нәтижесінде облыс тұрғындарына «Астрахань-Маңғышлақ» су құбырынан тәулігіне 17 мың текше метр ауызсу жеткізіледі деп күтілуде. Ауқымды жобаларды іске асыру өңірдегі ауызсу тапшылығын сейілтеді деп күтілуде.  

Голрох ЖЕМЕНЕЙ, Маңғыстау облысы
23.06.2022

Ұқсас жаңалықтар

САУРАНДА 1,5 МЛРД. ТЕҢГЕНІҢ ЖОБАСЫНА МЕМОРАНДУМ ЖАСАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 42
 САЙРАМ АУДАНЫНДА АГРОСАЛАДА АУҚЫМДЫ ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСУДА
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 88
САРЫАҒАШТА «АЛТЫН КҮЗ-2024»  МЕРЕКЕСІ АТАЛЫП ӨТТІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 36
 САУРАНДА ЖЫЛЫНА 2 МЫҢҒА ЖУЫҚ ЖҰМСАҚ ЖИҺАЗ ШЫҒАРАТЫН ЦЕХ АШЫЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 91
МАҚТААРАЛДА ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «АУЫЛ БАРЫСЫ» ТУРНИРІ БАСТАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 29
Қар тазалауға 189 техника сақадай сай
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 59
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 200
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 204
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 418
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 381
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 1000

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9075
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8473
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11699
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9462
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10680