«Жастар Рухы» Головкиннің жекпе-жегінен 10 мың адамға арнап көпшілік көрсетілім ұйымдастырды

«Жастар Рухы» Головкиннің жекпе-жегінен 10 мың адамға арнап көпшілік көрсетілім ұйымдастырды

«AMANAT» партиясының «Жастар Рухы» жастар қанатының белсенділері барлық аймақта қазақстандық былғары қолғап шебері Геннадий Головкин мен мексикалық боксшы Сауль «Канело» Альварес жекпе-жегінің көпшілік көрсетілімін ұйымдастырды.

Жастар қанатының төрағасы Нұржан Жетпісбаев атап өткендей, кездесу нәтижесіне қарамастан, GGG әрқашан халық чемпионы болып қала береді.

«Жүздеген мың жанкүйер бұл жекпе-жекті асыға күтті. Барлық облыс орталықтарында жекпе-жекті тамашалауға болатын қоғамдық алаңдар ұйымдастырдық. Таңсәріде басталған тартысты кездесуді тамашалуға 10 мыңнан астам адам жиналды. Олардың арасында тек жастар ғана емес, зейнеткерлер, балаларын жетелей келген отбасылар да болды. Геннадий Головкин қолдауымызды сезінді деп үміттенемін. Барлығы оның асқақ айбынын, чемпиондық рухын байқады. Мұндай іс-шаралар бұқаралық спортты дамытуға ерекше ықпал етеді. Геннадий Головкин – үлгі тұтарлық тұлға», – деді ол.

Атап айтқанда, елордадағы EXPO халықаралық көрме орталығының жанындағы алаңға 5 мыңға жуық бокс жанкүйері жиналды. Жекпе-жек көрсетілімін күту кезінде көрермендерге ыстық сусындар ұсынылды.

Осы күні Геннадий Головкинге қолдау білдіру мақсатында автошеру ұйымдастырылды. 10-нан астам автокөліктен тұратын керуен Қазақстанның және «Жастар Рухының» туын желбіретіп, елорданың басты көшелерімен жүріп өтті.

 

 Сүретті түсірген Әли Ғалым

 

«AMANAT» партиясының баспасөз қызметі
18.09.2022

Ұқсас жаңалықтар

Инженер, құрылысшы, қоғам қайраткері марапатталды
Әсем ФАЗЫЛОВА, Алматы облысы - 15.05.2026 49
Субұрқақтар және әсем де жайлы тұрғын үйлер
М. ТАБЫН, Ақтөбе қаласы - 15.05.2026 45
Жаңа ережелер   енгізілуде
А. ХАМИТТЕГІ - 15.05.2026 50
Арнайы мамандар тәжірибе алмасты
А. ХАМИТТЕГІ - 15.05.2026 46

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 25130
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 24649
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 42074
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 37935
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 42407