Жастарды әскери-патриоттық тәрбиелеу – маңызды іс

Жастарды әскери-патриоттық тәрбиелеу – маңызды іс

Қазіргі уақытта еліміздің барлық өңірлерінде «Жастарды әскери-патриоттық тәрбиелеуге бағытталған шаралар кешенін жүзеге асыру» жобасы іске асырылып жатыр. Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының мәлімдеуінше, жоба аясында республика мектептері мен колледждері жанындағы әскери-патриоттық клубтар, сондай-ақ үкіметтік емес ұйымдар жастарға патриоттық тәрбие беру саласындағы түрлі бастамаларды жүзеге асыра бастады. Мұның барлығы бөлінген шағын гранттардың арқасында мүмкін болды.

Корпоративтік қордың басшысы Жасұлан Қуандық: «Жақында «Алматы Студенттер альянсы» КҚ шағын гранттарды ұсыну жөніндегі конкурсты өткізді. Келіп түскен 52 өтінімнің ішінен тәуелсіз комиссия әскери-патриоттық бағыттағы 10 үздік жобаны анықтады. Біздің жоба аясында әскери-патриоттық бастамаларды дамытуға бағытталған шағын гранттар биыл алғаш рет бөлініп отыр. Конкурстың жеңімпаздарын құрамында қоғамдық белсенділер, журналистер, депутаттар және мемлекеттік органдардың өкілдері бар тәуелсіз комиссия анықтады. Үздік 10 жоба мемлекет тарапынан сомасы 400 мың теңгені құрайтын гранттық қаржыландыруға ие болды. Грантты иеленгендердің алтауы – үкіметтік емес ұйымдар, төртеуі – бастамашыл топтар. Жобалар еліміздің түрлі өңірлерінде іске асырылуда», – дейді.

Ал Қызылорда облысының Қармақшы ауданында «Ой бренд» қоғамдық қоры шағын грант аясында әскери-патриоттық клубтарға арналған төрт күндік лагерь ұйымдастырмақ. Іс-шараға қатысушылар саптық, музыкалық байқауларда, АК-74-ті бөлшектеу мен жинау, пневматикалық қарудан ату, әскери киімді жылдамдыққа кию сияқты жарыстарда күш сынасады. Жоба жетекшісі Нұрасыл Бекматов: «Біз өз жобамызды «Qalqan» деп атадық. Осы жоба арқылы біз жастарды Отанымызды қорғауға, қоғамдағы әскери-патриоттық тәрбиенің рөлін арттыруға, сондай-ақ өңірлік клубтардың әскери дайындығын жақсартуға шақырғымыз келеді. Лагерь аясында ұйымдастырылған іс-шаралар барысында клуб тәрбиеленушілері ардагерлермен, түрлі әскери құрылымдардың өкілдерімен кездеседі. Үшінші күні әскери-патриоттық клубтардың басшылары үшін тәжірибе және пікір алмасу алаңдары ұйымдастырылса, ал жас сарбаздар үшін арнайы семинар-тренингтер өткізіледі. Лагерь жұмысы шағын футболдан өтетін турнирмен, сондай-ақ «Міндет. Абырой. Ерлік» атты форуммен аяқталады», – дейді.

Ал павлодарлық «Ұлттық калорит» шығармашылық үйірмесінен шыққан бастамашыл топ шағын грант аясында өңірдің шалғай ауылдарындағы тұрғындарға «Бауыржан Момышұлы» атты кинотоптаманы ашық аспан астында көрсетпек. Сондай-ақ, бастамашыл топтың подкаст түсіретін де жоспары бар. Жамбыл облысындағы шағын грант иегерлері әскери-патриоттық клубтардың қызметіне ақпараттық қолдау көрсетсе, қостанайлық «Badawi» ҚБ жасөспірімдерді әскери өмірмен шатырлы лагерь форматында таныстыратын болады. Әскери-патриоттық бастамаларды дамытуға бағытталған шағын гранттар шеңберінде іске асырылатын барлық жобалар жыл соңына дейін жалғасады. Айта кетейік, «Жастарды әскери-патриоттық тәрбиелеуге бағытталған шаралар кешенін жүзеге асыру» жобасы аясында әскери бөлімдерге экскурсиялар, соғыс ардагерлерімен кездесулер, арнайы бейнероликтер дайындау, әскери-патриоттық бағыттағы байқаулар, әскери-спорттық ойындар, форумдар, оқыту курстары мен талқылау алаңдары ұйымдастырылмақ. Жоба ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің және Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының қолдауымен жүзеге асырылуда. 

Ермек Сахариев
01.09.2022

Ұқсас жаңалықтар

ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 87
Бәйтерек ауданы:  Берері мол бағдарламаның жемісін көруде
Ләззат ҚАЖЫМОВА, Батыс Қазақстан облысы - 15.11.2024 607
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 724
ТУҒАН КЕНТІНЕН ЗАУЫТ АШҚАН ЖАҚСЫЛЫҚ
Тұрақ АДИСҰЛЫ, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы - 15.11.2024 636
Аспан таулар етегіндегі  еңбекқор жандар
Ертай АЙҒАЛИҰЛЫ, Асым СУЛАЙМАНОВ, Алматы облысы - 13.11.2024 646

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 8785
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8184
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11413
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9167
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10398