Жастардың жұмысы — әлеуметтік желіде

Жастардың жұмысы — әлеуметтік желіде

 

Өз жұмыстарын жария түрде жасап, әр кез белсенділік танытатын оралдық жастар – қашан да ел назарында. 

Орал қалалық ақпараттық талдау және жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығы – жастармен тікелей жұмыс жасайтын мекемелердің бірі. Бұл орталықтағы күнделікті жұмыстарды әлеуметтік желілердегі парақшаларынан да көруге болады. Орталықтағы «Мониторинг және ақпараттық талдау» бөлімі жариялаған жазбаларға қарап, мұндағы тынымсыз тірлікті бағамдауға болады. INSTAGRAM әлеуметтік желісін ашып, «oraljastary» деген атаумен ашылған парақшаға көз жүгіртіп көріңіз. Бұл парақшадан танымал тұлғалар мен қоғам қайраткерлерінің, ақын-жазушылардың жастарға ой салатын даналық сөздерін де кездестіресіз. Сонымен қатар түрлі іс-шаралардың өту барысы қамтылған бейнебаяндарды, пайдалы кеңестерді, басқа да дүниелерді көре аласыз. 

Орталық директоры Дулат Жүсіпқалиев жалпы жұмыстардың «Білім», «Шабыт», «Туған жер», «Жігер», «Ұлттық қазына» бағыттары бойынша жүргізілетінін атап өтті. – Барлық іс-шараларды бірге атқарып, сапалы нәтиже көрсетуге күш саламыз. Осындай іс-шаралардың бірі – түрлі сала өкілдері арасында ұйымдастырылған «Білімділер додасы». ҚазИТУ ғылым-білім кешенімен бірлесе ұйымдастырылған бұл интеллектуалдық сайыстың бүгінгі таңда сайты жасақталды. Ал «Жұлдызды футбол» шарасын өткізуде қаламыздағы белсенді жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау мақсаты көзделді. Биыл Елорда күні қарсаңында өткен аймақтық турнирге Ақтау, Атырау, Ақтөбе, Орал қалаларынан командалар қатысты. Сондай-ақ YouTube бейнехостингіндегі «Қазақша stend up» жобасы 60-70 мың шамасында қаралым жинады. Бұл жобада жайдарманшылар ерекше әзіл-қалжыңдар айтқан болатын, – деді Дулат Нұрбергенұлы.

 

Ләззат ҚАЖЫМОВА БҚО Орал қаласы
11.08.2022

Ұқсас жаңалықтар

САУРАНДА 1,5 МЛРД. ТЕҢГЕНІҢ ЖОБАСЫНА МЕМОРАНДУМ ЖАСАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 35
 САЙРАМ АУДАНЫНДА АГРОСАЛАДА АУҚЫМДЫ ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСУДА
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 55
САРЫАҒАШТА «АЛТЫН КҮЗ-2024»  МЕРЕКЕСІ АТАЛЫП ӨТТІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 30
 САУРАНДА ЖЫЛЫНА 2 МЫҢҒА ЖУЫҚ ЖҰМСАҚ ЖИҺАЗ ШЫҒАРАТЫН ЦЕХ АШЫЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 56
МАҚТААРАЛДА ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «АУЫЛ БАРЫСЫ» ТУРНИРІ БАСТАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 22
Қар тазалауға 189 техника сақадай сай
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 56
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 164
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 170
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 385
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 351
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 968

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9043
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8438
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11666
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9429
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10646