«Жасыл мектеп» оқушыларды еңбекке баулиды

«Жасыл мектеп»  оқушыларды еңбекке баулиды

Нұр-Cұлтан қаласы әкімдігінің қолдауымен Абай Құнанбаев атындағы №87 мектеп-гимназияда  «Жасыл мектеп» жобасы аясында жылыжай ашылды.

«Жасыл мектеп» жобасы былтыр Алматыда басталып, 16 бірдей жылыжай қолданысқа берілген болатын. Былтырғы оқу жылында алматылық оқушылар жалпы салмағы 1,26 тонна өнім жинаған. 

Мұндай экожобаны Болат Өтемұратов қоры қалалық білім басқармаларымен бірлесе отырып, мектептер аумағына жылыжайлар салу бойынша меморандумға отырып, жүзеге асыра бастаған. Мақсаты – өскелең ұрпақты қоршаған ортаны қорғау, экологиялық мәдениетті қалыптастыру, бау-бақша егумен жақын таныстырып, биология және өсімдік шаруашылығы саласындағы балалардың білімін кеңейту және қызығушылығын арттыру, еңбекке баулу мен мектепті көгалдандыру бойынша практикалық қызметке үйрету.

Экожоба аясында қала бойынша 20 жылыжай салу жоспарланып отыр. Хакім Абай атындағы мектеп-гимназияда ашылған жылыжайдың аумағы 100 шаршы метрді құрайды. Онда оқушылар құлпынай, қызанақ, қызылша және қияр сияқты әртүрлі жеміс-жидектер мен көкөністерді өсіреді.

Болат Өтемұратов қоғамдық қорының атқарушы директоры Бақытгүл Елшібаева: 

– Бұл жылыжайлар полигалдан, поликарбонаттан салынған. Жылыжай құрылысын Алматыда бір қабаттан жасасақ, астанада 2 қабат полигалдан жасап жатырмыз. Біздің бұл экожобадағы серіктестік рөліміз – балаларға өсімдік өсіруді үйрету және мұғалімдерге бағдарлама бойынша жұмыс барысын көрсетіп, практикалық жағынан сүйемелдеу, – дейді. 

Балаларды еңбекке баулып, табиғаттың ғажайып құбылысымен танысуына мүмкіндік жасап отырған жобаның пайдасы зор. Жеміс-жидек, көкөністердің бау-бақшадан үстелге дейінгі «өмірі» қала балалары үшін таңсық екені рас. Жоба аясында өздері еккен дәннің өсіп-өнуі, күтімі – бәрі-бәрі баланың өз қолымен жасалса, «Еңбектің наны тәтті» екенін сезіну, әрине, ғажап! 

Нұр-Сұлтан қаласы Білім басқармасы басшысының орынбасары Римма Иманғазинова: 

– Қаламызда алғаш рет «Жасыл мектеп» жобасы жүзеге асырылуда. 20 білім беру ұйымы, бұл – 19 мектеп және 1 колледж, онда жылыжайлар орнатылған. Жылыжайлар тәулік бойы жұмыс істейді. Ол үшін барлық жағдай жасалған. 6-сыныптан бастап биология пәні практикамен бірге жүреді. Қаһарлы қыста да жылыжайда  жылу жақсы сақталады. Ол арнайы қондырғылар арқылы реттеледі. Яғни Арқаның сарышұнақ аязында да жергілікті өнім жеуге мүмкіндік бар. Мұны мамандар климаты қатал аймақ үшін таптырмас жоба деп  бағалайды, – дейді.

Жылыжайдың ашылу салтанатына ҚР Оқу-ағарту министрлігінің Мектепке дейінгі және орта білім комитетінің төрағасы Гүлмира Раинбекқызы, Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Есет Берікұлы, Байқоңыр ауданының әкімі Ерлан Әлімбайұлы, Балалардың құқықтарын қорғау мәселелері жөніндегі министрдің кеңесшісі, Оқу-ағарту министрлігінің республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығының директоры Раиса Петровна, Нұр-Сұлтан қаласы Білім басқармасының басшысы Қасымхан Сенғазыұлы, Болат Өтемұратов қоры қамқоршылық кеңесінің төрағасы Алмаз Төрегелдіұлы қатысып, ізгі тілектерін білдірді.

 

 

Тілекгүл ЕСДӘУЛЕТ
15.07.2022

Ұқсас жаңалықтар

САУРАНДА 1,5 МЛРД. ТЕҢГЕНІҢ ЖОБАСЫНА МЕМОРАНДУМ ЖАСАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 34
 САЙРАМ АУДАНЫНДА АГРОСАЛАДА АУҚЫМДЫ ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСУДА
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 50
САРЫАҒАШТА «АЛТЫН КҮЗ-2024»  МЕРЕКЕСІ АТАЛЫП ӨТТІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 29
 САУРАНДА ЖЫЛЫНА 2 МЫҢҒА ЖУЫҚ ЖҰМСАҚ ЖИҺАЗ ШЫҒАРАТЫН ЦЕХ АШЫЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 50
МАҚТААРАЛДА ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «АУЫЛ БАРЫСЫ» ТУРНИРІ БАСТАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 21
Қар тазалауға 189 техника сақадай сай
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 55
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 159
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 163
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 374
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 347
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 962

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9040
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8437
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11665
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9426
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10645