Жауды да тоқтатқан киелі жаулық

Жауды да тоқтатқан киелі жаулық

Қазақ үшін орамалды сыйламау ананы қорлау болып табылады. Ақ орамал әйел баласына салған сәттен жаңа түскен келін келген елінің тілеуін тілейді. Жас келіннің іздегені байлық емес, алпыс екі тамырын жібітер дүниеге әкелер болашақ ұрпағының тілеуі. Қазақта жаңа түскен келін басына орамалын салып, жанжал болған жерге сәлем салса, тіпті қантөгіс болып жатса да тоқтаған. Ақ орамалды жаулық деп те атайтыны сондық­тан. Осыдан-ақ орамалдың қазақ тарихында философиялық мағы­насы терең екенін ұғынуға болады.

«Ақ oрамал» акциясының негізіне дана халқымыздың ежел­гі дәстүрі – татуластыру сал­ты алынған. Акцияның басты мақса­ты қазақстандықтарды шығу тегіне, олардың діни, əлеуметтік, бас­қа да ерекшеліктеріне қарамас­тан бейбітшілік идеясы аясына шоғырландыру болып табылады.

Жақында Ақбұлым ауы­лын­да «Сырласу» қыз-келін­шек­тер клубы және округ әкімі аппаратының бас маман-әскери есеп жүргізушісі Гүлдерайым Нұрматқызы мен мәдениет қызметкерлерінің ұйымдастыруымен «Ақ орамал» акциясы аясында «дөңгелек үстел» отырысы өтті. Аталмыш шараға өнегелі аналар мен отбасылық өмірге қадам басып отырған инаббаты келіндер, көпбалалы аналар, «Сырласу» қыз-келіншектер клубының төрайымы Рабиға Сырғабаева қатысты. Жүздесуде қазақ халқы­ның үлгілі тәлім-тәрбиесі, ұрпақтан ұрпаққа жалғасқан игі дәстүрі жайында мәнді әңгіме тілегі ағытылды. Тақырып кеңінен ашылып, орамалдың қадір-қасиеті жайында әдемі әңгіме өрбіді.

Кеш соңында ауыл әкімі Ердос Бейсенов көпбалалы анаға сыйлық табыстап, Гүлдерайым Нұрматқызы мен Рабиға апаға ақ жаулық жапты. 

«Ақ орамал әрбір келіншектің басына қонған бақ орамал бол­сын. Біздің елімізді, ер азаматта­рымызды қадірлейтін жас келін­шек­теріміз, аналарымыз көбейе берсін. Еліміздің демографиялық санын көбейтетін біздің мейірімді, инабатты, ибалы, ақ орамал тартатын келіндеріміз көп болсын!» – деген Рабиға апа ақ батасын берді.

Сәуле БЕКОВА, Ақбұлым ауылдық округінің мәдени ұйымдастырушысы.
12.11.2021

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 5519
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 5668
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 20640
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 19271
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 22731