Батыс Қазақстан облысына қарасты Жәнібек аудандық пробация қызметінде жыл басынан бері үш адамға қоғамдық жұмысқа тарту түріндегі жаза тағайындалған.
Жуырда Жәнібек аудандық пробация қызметімен қоғамдық жұмысқа тарту түріндегі жазаны орындау барысы тексерiлген. – Мұндай жазаны өтеуді атқару заңды күшіне енген сот үкімінің негізінде жүзеге асырылады. Қоғамдық жұмыс жергілікті атқарушы немесе жергілікті өзін-өзі басқару органдары белгіленген обьектілерде жүзеге асырылады. Сотталғандарға көшені немесе саябақты тазалау, көгалдандыру, ағаш отырғызу сияқты мезгілдік жұмыстар тағайындалады, – деді аудандық пробация қызметінiн ағa инспекторы, әдiлет капитаны Нұрлыбек Қуанышқалиев.
Осы ретте қазіргі уақытта сексен сағаттық қоғамдық жұмысқа тарту түріндегі жазасын өтеп жаткан «Ж» есімді сотталғанның жұмысын қадағалау мақсатында Жәнiбек аудандық пробация қызметі тексеріс жүргізген. Нәтижесінде жаза өтеу тәртібі мен шарттарының бұзылу фактілері болмаған.