Жазғы мектеп сыйлаған қуаныш

Жазғы мектеп сыйлаған қуаныш

Биыл да өткен оқу жылындағыдай еліміздің барлық өңірлерінде жазғы мектеп ұйымдастырылды. Бұл ауқымды іс-шара білім алушылардың біліміндегі олқылықтардың орнын толтыру және оны жою, оқушылардың оқуға деген ынтасын арттыру бойынша көмек көрсету мақсатын көздейді. «2020-2021 оқу жылында жазғы мектепті ұйымдастыру жөніндегі әдістемелік ұсынымдарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2021 жылғы 26 мамырдағы № 240 бұйрығына, сондай-ақ, Алматы қаласының орта білім беру ұйымдарында «2021-2022 оқу жылын аяқтау және орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды қорытынды аттестаттауды өткізу мерзімдерін бекіту туралы» Білім және ғылым министрінің 20.04.2022 жылғы №159 бұйрығына сәйкес «Пандемия, шектеу шаралары кезеңіндегі оқушы біліміндегі олқылықтарды жою және оқыту сапасын арттыру мақсатында 2022 жылғы 26 мамырдан бастап 17 маусым аралығында 1-8, 10 сынып оқушылары үшін жазғы мектепте оқытуды ұйымдастыру» негізінде жасалған. Аталған мерзім ішінде үлгерімі төмен оқушылар және кез келген тілек білдіруші шәкірттер жазғы мектептен оқу мүмкіндігіне ие болды. Жазғы мектептің педагогикалық ұжымы өз жұмысында Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасын және Білім және ғылым министрлігі ұсынған нормативтік-құқықтық актілерді басшылыққа алады. Кең мақсатты қамтыған жазғы мектеп Алматы қаласы №156 жалпы білім беретін мектеп қабырғасында да өз жұмысын жоспарлы түрде жүргізгенін мектеп директоры Г. М. Ахметова мәлімдеді. Сонымен қатар, директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары А. Н. Султанбаева   мұғалімдер шәкірттеріне білім ошағының тілдік құрамын сақтай отырып, қазақ, орыс, ұйғыр тілдерінде оқытқанын жеткізді. Қайталап оқуға құмартқан 485 оқушыға 25 сынып ашылды. Елу ұстаз өз пәндері бойынша жаңаша оқыту негізінде білім беру ісін толыққанды жүзеге асырды. Оқушылардың жүйелі білім алуымен қатар олардың таным көкжиегін дамыту мәселесі де оңынан қолға алынды. Мұғалімдер шәкірттерін кинотеатрларға, Орталық мұражайға  бастап апарды.

   Ал осы мерзім аралығында бастауыш сынып оқушылары жазғы демалыс уақытын мектеп ұжымы ұйымдастырған «Күн шуағы» демалыс лагерінде өткізді. Демалыс лагерінде 8 топ жұмыс істеді. Бүлдіршіндердің оқуға құлшынысын арттырумен бірге олардың спортқа қызығушылықтары да қамтылды. Атап айтқанда, мектеп бассейні әр аптаның үш күнінде пән мұғалімдерінің жетекшілігімен оқушыларды қабылдады. Шахмат, шашки үйірмесі де өз есігін айқара ашты. 

  «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында мектеп кітапханасы шаңырағында түрлі іс-шаралар жүйелі жүргізілді. Мектеп кітапханашысы жоба нәтижесінде оқырмандар саны артқанын, әсіресе, мемлекеттік тілдегі көркем әдеби кітапты қызығып оқитын оқушылар саны басымдылыққа ие болғанын мақтанышпен жеткізді. Осылайша, жазғы мектеп  білім, спорт, кітап оқу тәрізді аса құнды істерді өз айналасына топтастырып, жемісті нәтиже берді.

 

 

Айзат Рақыш
16.06.2022

Ұқсас жаңалықтар

АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 43
САУРАНДА 1,5 МЛРД. ТЕҢГЕНІҢ ЖОБАСЫНА МЕМОРАНДУМ ЖАСАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 43
 САЙРАМ АУДАНЫНДА АГРОСАЛАДА АУҚЫМДЫ ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСУДА
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 94
САРЫАҒАШТА «АЛТЫН КҮЗ-2024»  МЕРЕКЕСІ АТАЛЫП ӨТТІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 37
 САУРАНДА ЖЫЛЫНА 2 МЫҢҒА ЖУЫҚ ЖҰМСАҚ ЖИҺАЗ ШЫҒАРАТЫН ЦЕХ АШЫЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 97
МАҚТААРАЛДА ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «АУЫЛ БАРЫСЫ» ТУРНИРІ БАСТАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 30
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 43
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 206
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 210
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 423
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 387

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9080
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8478
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11706
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9471
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10687