Жазғы мектепте 60-тан астам жас педагог оқыды

Жазғы мектепте 60-тан астам  жас педагог оқыды

Қарағанды облысы Ақтоғай ауданындағы «Факел» сауықтыру лагері базасындағы жазғы мектепте Қарағанды облысынан 60-тан астам жас педагог оқудан өтті. Үш күндік жас жауынгерлер курсы жұмыс өтілі бес жылдан аспайтындарға арналған.

Мектепке дейінгі ұйымдардың педагогтері, әдіскерлер, педагог-психологтар, әлеуметтік педагогтер, тәлімгерлер өз дағдыларын жетілдірді. Кандидаттарды іріктеу кезінде олардың кәсіби жетістіктері ескерілді. 

– Жазғы мектеп балалар жылында өтіп жатыр, – дейді Қарағанды облысының білім беруді дамыту ОӘО басшысы Бақытқұл Әбдікерова. – Оның мақсаты – жас педагогтердің кәсіби қалыптасу проблемаларына назар аудару, олардың өсуіне жағдай жасау, шығармашылық әлеуетін дамыту, педагогтердің кәсіби мәртебесін арттыру.

Жас мамандар үшін спорттық, танымдық, ойын-сауық және оқу іс-шараларынан, шеберлік сабақтарынан тұратын үш күндік бағдарлама әзірленді.

Оқытудың бірінші күні педагогтер аймақтың жетекші жас мамандарының шеберлік сабақтарына қатысып, заманауи педагогикалық технологиялар мен формалар мәселелерін қозғап, пікірталас алаңында кездесті. Спорттық ойындар да болды.

Екінші күн Қазақстанның 100 киелі орындарының қатарына енген ауданның көрікті жерлерінің бірі Әулие-Ата үңгірін аралаудан басталды. Күннің екінші жартысында шеберлік сабақтары мен командалық ойындар, сондай-ақ бауырсақ-пати өтті.

Мұғалімдерге арналған жазғы лагерьдің үшінші күні шеберлік сабақтарымен аяқталды. Оқуға қатысушылар осындай іс-шараларды жыл сайын өткізу туралы тілектерін білдірді.

– Жазғы мектеп барысында қазіргі жаңаша білімді цифрлық технологиялармен байланыстырып оқыту керектігін түсіндірді. Өзіммен қатарлас әріптестермен диалогке түсе келе, үздік тәжірибемізбен алмастық, белсенді жұмыс жасадық, – дейді    Саран қаласы № 17 мектеп-гимназиясының қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Сәби Сәулетұлы.

 Мұндай форматтағы іс-шара Қарағанды облысында екінші рет өткізіліп отыр.

 

Жомарт Шаймұрат, Қарағанды облысы
30.06.2022

Ұқсас жаңалықтар

САУРАНДА 1,5 МЛРД. ТЕҢГЕНІҢ ЖОБАСЫНА МЕМОРАНДУМ ЖАСАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 42
 САЙРАМ АУДАНЫНДА АГРОСАЛАДА АУҚЫМДЫ ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСУДА
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 88
САРЫАҒАШТА «АЛТЫН КҮЗ-2024»  МЕРЕКЕСІ АТАЛЫП ӨТТІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 36
 САУРАНДА ЖЫЛЫНА 2 МЫҢҒА ЖУЫҚ ЖҰМСАҚ ЖИҺАЗ ШЫҒАРАТЫН ЦЕХ АШЫЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 91
МАҚТААРАЛДА ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «АУЫЛ БАРЫСЫ» ТУРНИРІ БАСТАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 29
Қар тазалауға 189 техника сақадай сай
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 59
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 200
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 204
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 418
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 381
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 1000

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9075
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8473
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11699
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9462
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10680