Жазғы Универсиада

Жазғы Универсиада

   2022 жылы Қытайдың Чэнду қаласы Бүкіләлемдік жазғы Универсиаданы қабылдайды.

Негізі, студенттер сайысы биыл тамызда өтуге тиіс еді, бірақ пандемияға байланысты келесі жылға ауыстырылды. Жазғы Универсиада 26 маусым басталып, 7 шілдеге дейін созылады. Осы аралықта жастар 18 спорт түрінен бақ сынайды, 268 медаль жиынтығы сарапқа салынады. Чэнду Универсиаданы өткізуге жалғыз үміткер қала болды. Бұған дейін Қытайда жазғы Универсиада 2001 жылы (Бейжің) және 2011 жылы (Шэньчжэнь) өткен болатын. Универсиада – студенттер арасындағы халықаралық және ұлттық спорттық жарыс. Оны Халықаралық университет спорты федерациясы өткізеді. Жазғы және қысқы Универсиада әр екі жыл сайын ұйымдастырылады. «Универсиада» атауы «Университет» пен «Олимпиада» сөздерінен құралған. Көбіне Бүкіләлемдік студенттер ойындары және Бүкіләлемдік университет ойындары деп те айтылады.

 

Ермек САХАРИЕВ
29.12.2021

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 5020
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 5184
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 20139
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 18784
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 22241