Жазушы-публицист Марат Бәйділдаұлы (Тоқашбаев): 16-ЖЕЛТОҚСАН – ТӘУЕЛСІЗДІГІМІЗ ҚАЙТАРЫЛЫП АЛЫНҒАН КҮН!

Жазушы-публицист Марат Бәйділдаұлы (Тоқашбаев):  16-ЖЕЛТОҚСАН  – ТӘУЕЛСІЗДІГІМІЗ  ҚАЙТАРЫЛЫП АЛЫНҒАН  КҮН!

 

    Жыл сайын Тәуелсіздік күні қарсаңында ұраншылдар 1991 жылдан бастап  санамалап тәуелсіздігімізге –30 жыл, –31 жыл деп айта береді. Биыл тәуелсіздігімізге 32 жыл деп нақтылайды кейбіреуі. Осы цифрлар қайдан шыққан? Ол Н.Назарбаевтың «Қазақстанға тәуелсіздікті мен әпергем» деген эгоистік ұстанымынан шыққан. 

    Біз әлі күнге экс-елбасының идеологиялық құрсауынан ажырай алмай келеміз. Ақиқатында Қазақстанға тәуелсіздікті Назарбаев әперген жоқ! Ол – қазақ халқының отаршыл жүйеге қарсы қиян-кескі күресінің жемісі. Бодандық кезеңінде қазақ халқы отаршылдыққа қарсы 400 реттен астам қарулы көтеріліске шыққан. Сол күресте ең кемі 2,5 млн қазақ опат болды. «Әділет» бірлестігі коммунистік билік кезінде үш ашаршылықтан ғана 7 млн (!!!) адам құрбан болғанын дәлелдеді. Яғни тәуелсіздік бізге еш құрбансыз төбеден түсті деген былжырақ сөз.  Тәуелсіздік орасан құрбандықтардың нәтижесі.  

      Қазақ хандығы дербес мемлекет ретінде 1465 жылы құрылғанын ескерсек, биыл оған 558 жыл болып отыр. Керей мен Жәнібек хандар көтерген қазақтың тәуелсіздік туы араға 260 жыл (1731 жылдан 1991 жылға дейін бодандық) салып 1991 жылы қайта көтерілді. Қарапайым арифметикаға жүгінсек 558 жылдан 260 жылды шығарып тастағанда  298 жыл азаттығымызға тиесілі екен.  Үш ғасыр! Оны кім жоққа шығарады? Сонда біз 1991 жылы 16-желтоқсанда азаттыққа алғаш қол жеткізген жоқпыз, біз  халық күресінің нәтижесінде бұрынғы тарихи тәуелсіздігімізді қайтарып алдық! Ақиқаты да, менің талап етіп жүргенім де осы! 

   Мұндай мысалдар тарихта баршылық. Айталық, Әзірбайжан Демократиялық Республикасы 1918 жылы 23-мамырда құрылған. Әзірбайжан мемлекеттілігі  23 ай ғана өмір сүрді. 1991 жылы 18-қазанда Әзірбайжан Жоғарғы Кеңесінің тәуелсіздік туралы конституциялық акті қабылданған дата «Тәуелсіздік қайтарылған күн» деп аталды. Мереке қазірде де солай аталады.   

      Сондықтан Қазақстандағы Тәуелсіздік күні ресми түрде «Тәуелсіздігімізді қайтарып алған күн» ретінде мерекеленуі керек!  Енді екі жылдан кейін Қазақ хандығы құрылғанына 560 жыл толады. Соны бүкілхалықтық мереке ретінде тойлаудың шаралары қазірден  қарастырылғаны жөн.

13.12.2023

Ұқсас жаңалықтар

ЖЕТІСАЙДА ШЕКАРАШЫЛАР МАРАПАТТАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 05.05.2024 18
ТАРАЗДА ФУТЗАЛДАН ЖАРЫС БАСТАЛДЫ
Сарысу ауданы әкімдігі - 05.05.2024 11
Экологиялық акция жалғасып келеді
«Aq jol» газетінің тілшілер тобы - 05.05.2024 10
ТҮРКІСТАН: МӘМС ЖҮЙЕСІНЕ ТҰРҒЫНДАРДЫ ҚАМТУ ШАРАЛАРЫ ЖАЛҒАСЫП ЖАТЫР
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 04.05.2024 126

Топ жаңалықтар

1
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 1259
2
Өркенді қала-қуатты өңірге жетелейді
Show more
Дахан Шөкшир - 2023-06-02 7307
3
Желтоқсан батырлары—саяси қуғын-сүргін құрбандарының бірі
Show more
Сұхбаттасқан Шаргүл Қасымханқызы - 2023-06-02 11171
4
Қарағандыда саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні өтті
Show more
- 2023-06-01 7365
5
Қарағандыда “Қасіретті КарЛаг” Республикалық жыр мүшәйрасы өтті
Show more
- 2023-05-31 7514