Зейнетақы жинағын пайдалануда не өзгереді?

Зейнетақы жинағын пайдалануда не өзгереді?

         Зейнетақы жинағының бір бөлігін мерзімінен бұрын пайдалана алатын азаматтардың саны 1 сәуірден бастап азаяды. Осы күннен бастап зейнетақы жинағының жеткілікті шегі артады. Зейнетақы жинағының бір бөлігін мерзімінен бұрын шешіп алғысы келетін азаматтың шоттағы қаржысы ең төменгі жеткілікті шектен асуы керек. Шекті межеден асқан ақшаның барлығын емделуге немесе тұрғын үй жағдайын жақсартуға (мысалы, пәтер сатып алу немесе үй салу) жұмсауға болады. Әр жастың өз шегі бар. Ең төменгі жеткілікті шектің мөлшері жыл сайын қайта есептеліп отырады. Жеткілікті шек 2022 жылдың 1 сәуірінен бастап артады.  Жинақталған зейнетақы қаражатының сомасын: БЖЗҚ сайтындағы жеке кабинетте; БЖЗҚ мобильді қосымшасында; egov.kz электронды үкімет сайты арқылы біле аласыз. Егер шотта жеткілікті сома жинақталған болса, жинақ ақшасын мерзімінен бұрын алуға алдын ала өтініш беру керек. Тұрғын үй жағдайын жақсарту үшін ақша жібергісі келетін азамат «Отбасы Банк», «Қазақстан Халық банкі», Altyn Bank, «Банк ЦентрКредит», «Банк Фридом Финанс Казахстан» операторларының бірінің сайты арқылы өтініш беруі керек. Егер ақша емделуге жұмсалса, өтініш «Отбасы банкі» сайты арқылы беріледі. Оператор өтінішті қарап, БЖЗҚ-ға электронды хабарлама жолдайды. Ал БЖЗҚ алуға болатын соманы тексереді, егер бәрі дұрыс болса, ақшаны операторға жібереді.

Ермек САХАРИЕВ
15.03.2022

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 5389
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 5545
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 20512
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 19143
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 22605