Зейнеткерлер басты назарда

Зейнеткерлер басты  назарда

Оралдағы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының Батыс Қазақстан облыстық филиалы ұжымы қайырымдылық айлығы аясында зейнеткерлерге мерекелік көңіл күй сыйлады.  

Аталмыш филиалдың баспасөз қызметі берген мәліметке сүйенсек, бүгінде Батыс Қазақстан облысында 90 мыңнан астам зейнеткер болса, соның 47 мыңға жуығы Орал қаласында тұрады. «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының Батыс Қазақстан облыстық филиалының директоры Нәдір Құрымбаевтың айтуынша, мемлекеттік корпорация зейнет жасындағы қызмет алушыларға қашан да көбірек көңіл бөледі.

 – Бізде зейнеткерлердің үйіне барып қызмет көрсететін мобильді топ бар. Әр бөлімде зейнеткерлер кезек күтпестен мемлекеттік қызметтер алатын жеңілдік терезесі бар, – деді Нәдір Шамұратұлы. Филиал ұжымы халықаралық қарттар күнінде зейнетке шыққан ардагер әріптестеріне құрмет көрсетіп, мерекелік дастархан жайған. Сондай-ақ оларды облыстық өлкетану мұражайына апарып, концерттік бағдарламамен көңілдерін бір серпілтіп, жылулық сыйлауға тырысқан.

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы Батыс Қазақстан облыстық филиалының баспасөз қызметі зейнетке шығу үшін «Халыққа қызмет көрсету орталығына» жүгіну қажет екенін ескертті. Ол үшін болашақ зейнеткер қажетті құжаттарды жинақтап, зейнетақы төлемдерін рәсімдеу үшін аталмыш орталыққа зейнет жасына толғанға дейін 10 күн бұрын жүгінуі қажет екен. Еске сала кетсек, 2021 жылы Қазақстанда ерлер үшін зейнеткерлік жасы – 63, ал әйелдер үшін – 60 жас. 

Ләззат ҚАЖЫМОВА, БҚО Орал қаласы
14.10.2021

Ұқсас жаңалықтар

ЖАС МАМАНДАРДАН ТАПШЫЛЫҚ КӨРУДЕМІЗ
Аманкелді ЖҰМАШҰЛЫ, Алматы – Ақтөбе - 30.11.2024 36
Батыс Қазақстан: Тарихи мекенге сапар
Ләззат ҚАЖЫМОВА, Орал-Хан ордасы-Орал - 30.11.2024 72
Қаратүнектегі маздаған шырақ
Ертай АЙҒАЛИҰЛЫ - 29.11.2024 58
Батырға арналған жиын
Шаргүл ҚАСЫМХАНҚЫЗЫ - 29.11.2024 29
Ауылшаруашылығын өркендеткен ауқымды істер
Голрох ЖЕМЕНЕЙ, Маңғыстау облысы - 29.11.2024 64
Батыс Қазақстан: Тарихи мекенге сапар
Ләззат ҚАЖЫМОВА, Орал-Хан ордасы-Орал - 30.11.2024 72
Ауылшаруашылығын өркендеткен ауқымды істер
Голрох ЖЕМЕНЕЙ, Маңғыстау облысы - 29.11.2024 64
Сыр өңіріндегі өрісті істер
Ерқазы СЕЙТҚАЛИ - 28.11.2024 60
Тал түсте Шығысты қараңғылық бастырған «бір сағаттық белдеуге қарсымыз» дейді халық
Дәулетбек БАЙТҰРСЫНҰЛЫ, экспедицияның мүшесі, «Мөлдір бұлақ» журналының Бас редакторы - 28.11.2024 66
МӘСЛИХАТ МЕРЕЙТОЙЫ – ЖАҢАРУДЫҢ ЖАРҚЫН ҮЛГІСІ
С. КӘРІПБАЕВ, Абай облысы - 28.11.2024 57
 Павлодарда бірнеше зауыт салу жоспарлануда
Тілеуберді САХАБА, Павлодар облысы - 28.11.2024 64
 Қала бюджеті артып отыр
Ш.МЕКЕНБАЙҰЛЫ, Шымкент қаласы - 28.11.2024 62
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 287

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9298
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8693
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11921
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9695
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10903