Жел салдары: Ауылдарға 8 жасақ жұмылдырылды

Жел салдары: Ауылдарға 8 жасақ жұмылдырылды

Қатты жел салдарынан орын алған келеңсіздіктерді жою мақсатында аудан әкімі Сәкен Арубаевтың басшылығымен шұғыл жұмысшы топ құрылып, елді мекендерге зерделеу жұмыстарын жүргізуде.

Қазіргі мәліметке сәйкес, 10-ға жуық елді мекен жарықсыз отыр. Желдің ұйытқуынан электр бағаналары зақымдалып, талдар құлап, жарық сымдарын үзілген жағдайлар көптеп тіркелген.

Өңір басшысының тапсырмасына сәйкес, қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтай отырып, ауыл-аймақтағы жайсыздықтарды жою жұмыстары кешелі бері қарқын алды.

Аудандық электр жүйесінің басшысы Абдулвахас Курбановтың айтуынша, мекеме қызметкерлері елді мекендерге жұмылдырылған.

– 8 жұмысшы топ электр желісі зақымданған ауылдарға жөнелтілді. Әр топ 4 қызметкерден тұрады.

Бір жұмысшы топ қосымша қаралған. Жұмыстарда ең алдымен жылдамдық емес қауіпсіздік екенін өзім хабарласып айтып отырмын. Тұрғындар сабырлық танытса, жедел ретке келтіретін боламыз. Қызметкерлер кешелі бері жұмыс барысында жүр, - дейді Абдулвахас Аббасұлы.

Жамбыл ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі
18.11.2021

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 5510
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 5661
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 20631
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 19261
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 22724