Украинаның Президенті Владимир Зеленский сын сағатта елдің жаумен жалғыз қалғанын айтты деп хабарлады turkystan.kz.
Осыған байланысты ол жаппай мобилизация туралы жарлыққа қол қойып, халықтың елден кетуіне тыйым салатынын мәлімдеді.
«Қазір ел тағдыры шешіліп жатқан кезде Украина жаумен жалғыз қалды. 137 азамат қаза тауып, 316 отандасымыз жараланды. Енді шегінетін жер жоқ», – деді ол.