Желтоқсан қаһармандары: «Біз заң аясында күресеміз!»

Желтоқсан қаһармандары: «Біз заң аясында күресеміз!»

Әлеуметтік желіде «Желтоқсан – 86» бірлестігі төрағасының орынбасары Әлібек Алмабаевтың жасаған  мәлімдемесі шықты. «Таяуда Ақмола облыстық сотында Ловягинаға қатысты қылмыстық істің нүктесі қойылды. Өкінішке қарай, біз күтпеген жағдайлар орын алды. Сандықтау аудандық сотының биылғы 22 ақпанда шыққан Ловягинаға қатысты үкімі өзгеріссіз қалды. Әділдікке нұқсан келіп, біздің шарасыздығымыз анықталды. Тиісті айғақтар  тіркелмеді. Еш себепсіз сот оларды тіркеуден бас тартты. Ақыры жалаң дәйектемелерді басшылыққа алып, сот Ловягинаны ақтау жөнінде шешім шығарды. Апелляция шешімі өзгеріссіз қалды. Бұл барып тұрған әділетсіздік! Біз заң аясында күресуге міндеттіміз деп ойлаймын. Құрметті Қазақстанның барлық Желтоқсан ардагерлері, батырлары! Сіздерден осы мәселеге қатысты пікір күтеміз!» – деді ол.

Еске сала кетсек, «Аманат» партиясының Ақмола облысы Сандықтау ауданындағы филиалының төрайымы болған Лариса Ловягина «1986 жылы 16 желтоқсанда Алматыдағы көтеріліс кезінде көшеге шыққандардың барлығы террорист болған» деп пікір білдірген еді. Оны әлеуметтік желіге алғаш Жеңіс Оспанов атты азамат таратты. Шенеуніктің  бұл сөзін бірнеше куәгер растап отыр. Алайда сотта ол өзіне тағылған айыппен толық келіспеді. Арада бір күннен кейін Ловягинаның кінәсін мойындап, кешірім сұраған видеосы тарады. 

Сондай-ақ Желтоқсан ардагері, қоғам қайраткері Мейрамбек Қапановтың  шындықтың бетіне тура қарап, шырылдап айтқан мына бір сөзі кімді де болсын бей-жай қалдырмас. «Құрметті ұлт жанашырлары! Көкшетауда желтоқсаншыларды террорист атаған «Аманат» партиясының Сандықтау аудандық  филиалы төрағасы Ловягинаның апеляциялық сотында болдым. Сөз жоқ. Біздің соттар заңсыз үкімді бекітті. Бар сүйеніші (судьяның) ол террорист деп айтқан кезде боғауыз сөз қосса ғана жазаға тартылады екен. Абсурд демей не дерсің? Бірінші желтоқсаншыларды, одан иісі қазақпын деген ел азаматтарын орекеңнің не пиғылмен  айтқанын біле тұра жығып берді ғой, не керек. 

1. Әлеуметтік желіде айтқанын мойындап кешірім сұрады.

2. «Аманат» партиясынан қуылып, жұмыстан шығарғанда кінәсін мойындады.

Ал сотта мойындау қайда, кешірім сұрау қайда, кінәсізбін деп сыздап тұр Ловягина! Бүкіл дәлел судьяның алдында бар. Судья өз санасына (внутреннее убеждение) сала алмады. Ал Алматыда Марғұлан мен Данат па еді, бір ініміз дәл заңның осы статьясымен кете барды ғой. Единнообразие в применений....қайда сонда? Не болса да «бей своих...» принципі біздің судьялардың қолданыстарында. 

Ал судьяның қолын ұстап тұрған осы: сананың құлдығы!  Дегенмен болған іс болды. Арғымыз да, бүгінгіміз де. Соттың шешімі заң. Желтоқсандықтар, жалпы халық, соттар кінәлі деп тауып, Логявинаға не ірі көлемді айыппұл төлетіп, не қысқа мерзімге бас бостандығынан айырса, біз де қаныпезер емеспіз ғой, қанағат тұтар едік. Оның өзінде жарайды, шартты түрде. Сонымен екі жақ та риза болып, мәселеге нүкте қойылар еді. Ал әзірге нүкте жоқ. Соттар әлі алда болатын болды. Желтоқсандықтар республикамыздың түкпір-түкпірінен келіп еді. Бірақ көкшетаулық белсенділер қолдамады. Сот залында дүйім халық сыймай отырса,  басқаша болар ма еді! Әттең, бір кем дүние...» 

Иә, желтоқсандықтар «Біз ешкімге бәле тілеп, жала жауып отырған жоқпыз. Бар тілегіміз әділдікке нұқсан келмесе, шындық көкке өрлеп, салтанат құрса екен. Барлық Желтоқсан батырларына тіл тигізіп, намысымызды қорлаған адам өзінің тиісті жазасын алып, жауапқа тартылса дейміз.  Сонда ғана біздің көңіліміз тыншиды» дейді.

ШАРГҮЛ ҚАСЫМХАНҚЫЗЫ
04.05.2023

Ұқсас жаңалықтар

ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 77
Бәйтерек ауданы:  Берері мол бағдарламаның жемісін көруде
Ләззат ҚАЖЫМОВА, Батыс Қазақстан облысы - 15.11.2024 599
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 716
ТУҒАН КЕНТІНЕН ЗАУЫТ АШҚАН ЖАҚСЫЛЫҚ
Тұрақ АДИСҰЛЫ, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы - 15.11.2024 627
Аспан таулар етегіндегі  еңбекқор жандар
Ертай АЙҒАЛИҰЛЫ, Асым СУЛАЙМАНОВ, Алматы облысы - 13.11.2024 638

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 8773
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8173
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11403
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9156
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10387