Желтоқсан туралы жазбалар. Сол «сүйкімсіз адам» талайлардың обалына қалды

Желтоқсан туралы жазбалар. Сол «сүйкімсіз адам» талайлардың обалына қалды

Желтоқсан көтерілісінен кейін ереуілшілерді жазалау науқаны басталып кетеді. Қазақ жастарын бір-бірлеп соттың алдына әкеліп жатыр. Сот:

– Алаңда болдың ба? – деп сұраса, жас жігіт:

– Болдым, – депті.

– Атылсын! – деп сот үкім шығарыпты.

Екінші жігітті әкеліп, тағы да:

– Алаңда болдың ба? – десе, ол да:

– Иә! – деп жауап беріпті.

– Бұны да атып тастаңдар, – депті сот.

Алдына үшінші қазақ келгенде:

– Алаңда болдың ба? – деп одан да сұрапты. Сонда ол:

– Жоқ, болғаным жоқ! – деп жауап беріпті. Мұндай жауап күтпеген сот аң-таң кейіппен:

– Алаңмен алып өтіп, атып тастаңдар! – деп үкім етіпті.

 

***

Мен сәл еңкіш тартқан осы бір сүйкімсіз адамды күнара көремін. Өйткені, бірге істейміз, бір ғимаратта, бір қабатта жұмыс жасаймыз. Көрген сайын тыжырынып қараймын. Амандаспаймын. Сәлем бермеймін. Танымайтын адам сияқты алдынан өте шығамын. 1986 жылы заңды талап қойып алаңға шыққан қазақ жастарына тәлімгер ұстазы ретінде араша түсудің орнына, жала жауып, жазықсыздан жазықсыз қуғынға ұшыратқан, оқудан шығартқан, сөйтіп жас жігіттер мен қыздардың болашағына балта шапқан адамға не деп сәлем беремін?! Бет терісі қалың әлгіні көрген сайын қан сіңген дөңбек ағашқа отырып, айбалтасын жанына сүйеп қойып, сосын ұялмай-қызармай қолына қалам алып, бұрын өзі басын шапқан адамдар туралы «Тамаша адамдардың өмірі» атты естелік кітап жазып отырған сілімтік жендет көз алдыма елестейді...

Желтоқсан бас көтеруі кезінде кім қай жақта болды, кім кімнің мүддесін қорғады деген мәселе әлі күнге дейін көп адамды төбесінен мұздай су құйып жібергендей күйге түсіреді. Бір есептен, бұл сұрақ ешқашан өзінің өзектілігін жоғалтпауы тиіс деп ойлаймын. Өйткені, әділдік әруақытта бағалы және ол түбі бір ашылытын шындық. Шын мәнінде мұның барлығы бүгінгілердің өткеннен сабақ алуы үшін ауадай қажет дүниелер...

Болат ШАРАХЫМБАЙ

 

06.02.2026

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 23072
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 22827
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 38853
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 36364
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 40454