Желтоқсан ызғары – тәуелсіздік таңдары

Желтоқсан ызғары – тәуелсіздік таңдары

1986 жылғы Желтоқсан оқиғасы – қазақ халқының еркіндікке, әділдікке деген ұмтылысының айқын көрінісі. Желтоқсан жастарының өр рухы мен батылдығы тәуелсіздікке бастар жолдың алғашқы қадамы болды. Сол тарихтың маңызын жас буынға жеткізу мақсатында біздің колледжде «Желтоқсан ызғары – тәуелсіздік таңдары» атты тарихи-танымдық кездесу ұйымдастырылды.

Бұл іс-шараны өткізуге колледждің кітапхана меңгерушісі – Омарова Толқын Жұмановна, сондай-ақ тарих пәнінің мұғалімдері Солтан Аршагүл, Алжанова Перизат Аскаровна, Бейсенқұл Анар Нұргелдіқызы, Шакирова Айзат Сатыбалдықызы белсенді атсалысты. Олар шараның мазмұнын жоспарлап, студенттерге тарихи кезеңнің мәнін ашатын материалдар дайындады.

 

Кездесуге Алматы қаласының «Қайсар Жүрек» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен «Тәуелсіздік–1986–Желтоқсан» қоғамдық ұйымының мүшелері – Шаргүл Қасымханқызы, Гүлшат Нұрлыбайқызы және Нұрлан Сүйін арнайы шақырылды. Желтоқсан көтерілісінің тікелей куәгерлері студенттермен жүздесіп, сол күндердегі оқиғаларды өз естеліктері негізінде баяндап берді. Шаргүл Қасымханқызы алаңға шыққан жастардың бірлігі мен рухының күшін сипаттап, Гүлшат Нұрлыбайқызы сол күндердің киелі әрі қиын тұстарын түсіндірді. Ал Нұрлан Сүйін Желтоқсан оқиғасының тәуелсіздікке тигізген ықпалын ерекше атап өтті. Олардың әңгімелері студенттерге терең әсер қалдырып, тарихи шындықтың мәнін ұғындырды.

Тарих пәнінің мұғалімдері көрсеткен бейнематериалдар, тарихи деректер және кітапхана ұйымдастырған көрме іс-шараның маңызын арттыра түсті. Студенттер сұрақтар қойып, Желтоқсан оқиғасын кеңінен тануға мүмкіндік алды.Кездесу соңында ардагерлер жастарды елін сүйетін, намысын биік ұстайтын, тарихын құрметтейтін тұлға болуға шақырды. «Тәуелсіздік – аманат, оны сақтау – әр буынның қасиетті борышы», – деген ардагерлер сөзі студенттердің жүрегінде қалды. Бұл шара колледжде патриоттық рухты нығайтып, студенттерге Желтоқсан қаһармандарының ерлігінің шынайы бағасын түсіндіруде маңызды рөл атқарды.

Алматы энергетика және электронды технологиялар колледжі тарих пәнінің оқытушысы    Алимбетов Мұрат Абдукамалұлы

27.11.2025

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 20360
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 20187
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 35298
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 33866
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 37713