Желтоқсанға байланысты жинақ жарық көрді

Желтоқсанға   байланысты жинақ жарық көрді

Жуырда Ұлттық кітапханада «Желтоқсан. Декабрь. 1986. Документальная хроника» атты ғылыми еңбектің таныстырылымы өтті. «Арыс» баспасынан жарық көрген аталмыш кітап Желтоқсан оқиғасының 35 жылдығына арналды. Желтоқсан оқиғасының қатпарлы сырларын паш ететін еңбекті құрастырып, оқырман қауымға ұсынған ҚР Парламенті мәжілісінің депутаты, тарих ғылымдарының кандидаты Берік Әбдіғалиұлы. 

Аталмыш шараға тарихшы ғалымдар, желтоқсаншылар, зерттеуші жастар қатысты. Тәуелсіздіктің тұғыры болған Желтоқсан оқиғасына байланысты құжаттық жинақты зиялы қауым өкілдері жылы қабылдап, ұлт рухының оянуына қосылған еселі еңбек деп бағалады. 

1986 жылғы Желтоқсан оқиғасына байланысты құжаттық материалдар топтастырылған жинақ  3 бөлімге бөлініп, хроникалық ретпен берілген. І бөлімде 1986 жылғы желтоқсан айындағы партия, мемлекет және құқық қорғау органдарының ресми құжаттары топтастырылса, ІІ бөлімде 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасының себептері мен жағдайы жайындағы ҚазКСР Жоғарғы Кеңесі Президиум Комиссиясының зерттеу материалдары берілген. Ал ІІІ бөлімде ҚР Конституциялық Соты (1992-1994) қарастырған құжаттық материалдар тізбегі жинақталған. 

Қалыңдығының өзі 3 еліден асатын еңбектің салмағы 1.710 кг. Бірақ оның ұлт руханиятына қосар үлес салмағы ұшан-теңіз екені даусыз. Мұндай құжаттық негіздегі еңбектің жарық көруі – Желтоқсан оқиғасының зерттелуіне тың серпін берері сөзсіз. 

 

Қ.Жұмағұл, журналист
23.12.2021

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 5678
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 5824
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 20800
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 19423
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 22888