ЖЕМҚОРларМЕН КҮРЕС – ОТАНҒА ҮЛЕС

ЖЕМҚОРларМЕН КҮРЕС – ОТАНҒА ҮЛЕС

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Мемлекет басшысының тапсырмалары аясында халықаралық ынтымақтастықты дамыту жұмысын жалғастыруда.

Агенттік өкілі Мале қаласында өткен Сауд-Мальдив халықаралық форумына қатысты. Бұл туралы агенттіктің баспасөз қызметі хабарлады.

Форумда сыбайлас жемқорлықпен күрес және туризмдегі адалдықты арттыру мәселелері қарастырылды. Шараға Ислам Ынтымақтастығы Ұйымына (ИЫҰ) мүше 40-тан астам елдің өкілдері, соның ішінде Қазақстан, Әзербайжан және Өзбекстаннан келген делегациялар қатысты.

Негізгі қатысушылардың қатарында ИЫҰ Бас хатшысы Хусейн Ибрахим Таха, Сауд Арабиясы NAZAHA басқармасының басшысы Мазин бин Ибрахим әл-Кахмус және Мальдив Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комиссиясының президенті Уз. Адам Шамиль болды.

Қазақстандық делегация форумда еліміздің жемқорлыққа қарсы тәжірибесін таныстырып, Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмаларына сәйкес туризмді дамытуға бағытталған бейнеролик көрсетті. Бұл материал шетелдік делегациялар тарапынан Қазақстанға деген қызығушылықты арттырды, нәтижесінде кейбір елдер ынтымақтастық орнатуға ықылас танытты.

Форум туризмдегі адалдықты күшейтуге және халықаралық ынтымақтастықты тереңдетуге бағытталған ұсынымдар пакетін қабылдаумен қорытындыланды. Іс-шара Қазақстанның халықаралық аренадағы беделін нығайтып, елді жаһандық жемқорлыққа қарсы бастамаларға белсенді қатысушы ретінде көрсетті.

Айта кетейік, Transparency International халықаралық ұйымының 2024 жылғы мәліметі бойынша Қазақстанның жемқорлықты қабылдау индексі (CPI) 39 балды құрады.

Елімізде жыл сайын жақсару байқалады. Мұнда заңның үстемдігінің айқын екендігін айта кеткен жөн.  Жақында Мемлекет басшысы ҰҚК-ның басшысын қабылдады. Кездесуде бірқатар құнды мәліметтер айтылған. Ақорда сайтындағы ақпаратқа жүгінсек, «Сыбайлас жемқорлық пен құқыққа қайшы басқа да әрекет жасаған мемлекеттік және құқық қорғау органдарында жұмыс істейтін 15 лауазымды тұлға құрықталды.

1,6 триллионнан аса теңге көлемінде мемлекетке келтірілетін залалға тосқауыл қойылып, оның 220 миллиард теңгесі қазынаға қайтарылды», – деген дерек айтылды.

PS: Белгілі түрде салыстырулар жасайтын болсақ, Қазақстанның жемқорлықпен болған күресі нәтижесіз емес деуге болады. Тұтас ТМД елдері арасында көрсеткіштері жақсарып келеді. Әлемдік рейтингке тартылған 180 елдің арасында біздің еліміз 2024 жылы 88 орынға табан тіреген. Ал көрші Ресей мен Әзербайжан елі 154 орында, Қырғыз Республикасы146 орын, Белоруссия 114 орынға жайғасыпты. 

Ерқазы СЕЙТҚАЛИ

 

Ерқазы СЕЙТҚАЛИ
28.05.2025

Ұқсас жаңалықтар

ЖЕМҚОРларМЕН КҮРЕС – ОТАНҒА ҮЛЕС
Ерқазы СЕЙТҚАЛИ - 28.05.2025 199
ЖАС САРБАЗДАР САҚАДАЙ САЙ
Ерқазы СЕЙТҚАЛИ - 28.05.2025 198
ШЫҒЫСТАҒЫ  ШЫРАЙЛЫ ЖҮЗДЕСУЛЕР
Дәулетбек БАЙТҰРСЫНҰЛЫ, «Мөлдір бұлақ» журналының бас редакторы - 28.05.2025 213
Ел болашағы –   өз қолымызда
Іңкәр БИТИМОВА - 23.05.2025 360
Бөлінген қаржы қаңғыбас иттен құтқара ма?
Қарлығаш ШАҢҒАРАҚШЫ - 23.05.2025 377

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 13272
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 13251
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 28366
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 27051
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 30546