Өзінің Facebook парақшасында ҚР Мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов: «Еліміздің тарихында тұңғыш рет жабық кешенде жеңіл атлетикадан Астанада өткен X Азия чемпионаты аяқталды. Қазақстан құрамасының қоржынына 12 медаль түсті, оның 6-уы – алтын, 3-еуі – күміс және 3-еуі – қола. Әйелдер құрамасы биіктікке секіру бойынша жеңіс тұғырынан көрінді. Желаяқтарымыз да жоғары нәтижелерге қол жеткізді. 400 метрге дейінгі эстафетада Қазақстанның ерлер және әйелдер командалары жеңімпаз атанса, сол қашықтықтағы жалғыз әйелдер жарысында Элина Михина бірінші келді. Дэвид Ефремов болса кедергілермен 60 метрді, ал Каролин Кипкируи 3000 метрді бірінші еңсеріп, Азия чемпионы атанды. Спортшыларымыздың бұл жетістіктері Қазақстанға медальдық есеп қорытындысы бойынша 2-орын биігінен көрінуге мүмкіндік берді. 1-орында Жапония құрамасы, ал Катар командасы үздік үштікті түйіндеді. Мен спортшыларымыз бен жанкүйерлерімізді лайықты нәтижемен құттықтаймын. Келесі Азия чемпионаты Тегеранда өтеді», – деп жазды.