Жеңілістен көз ашпаған Ұлттық құрама

 Жеңілістен көз ашпаған   Ұлттық құрама

Футболдан Магомед Адиев баптайтын ұлттық құрама Ұлттар лигасында Әзербайжан құрамасынан 0:3 есебімен ұтылса, бұдан кейін Ташкент қаласындағы «Пахтакор» стадионында Өзбекстан құрамасымен өткен жолдастық кездесуде қарсыластарына 2:0 есебімен есе жіберді. Бұл кездесудегі доптарды 12-минутта Ходжимат Эркинов,  45-минутта Элдор Шомуродов соқты.  

Қазақстан құрамасы Біріккен Араб Әмірлігі құрамасымен өткізген жолдастық кездесуде де жеңілістің ащы дәмін татты. Ойынды БАӘ ойыншылары белсенді бастап, нәтижесінде 13-минутта Фабио Лима есеп ашты. Екінші кезеңде қазақстандық футболшылар белсенді қимыл көрсетті. Сөйтіп, ойынның 62-минутында ел құрамасынан Абат Айымбетов көздеген нысанадан мүлт кеткен жоқ. Бірақ Фабио Лима 71-минутта қайтадан БАӘ құрамасын алға шығарды. Осылайша қазақстандық футболшылар қарсыласынан 1:2 есебімен жеңіліп қалды. Енді Қазақстан құрамасы алдағы ойынын 2024 жылғы Еуропа чемпионатына іріктеу сатысында 2023 жылдың 23 наурызында Словения құрамасына қарсы өткізеді.

Ермек Сахариев
28.11.2022

Ұқсас жаңалықтар

«Ұлттық баспасөзге  деген сенім мен құрмет үзілмесін!» деген ел Президентінің пәрменін аяққа таптаған кім?
Сәуле МЕШІТБАЙҚЫЗЫ, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, «Құрмет» орденінің иегері - 28.11.2025 492
Ымырт ерте үйірілетін өлке
Ерқазы СЕЙТҚАЛИ - 28.11.2025 488

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 20808
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 20594
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 35715
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 34245
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 38123