Жеңімпаз оқушылар

Жеңімпаз оқушылар

Биылғы 2022 жыл – балалар жылы деп аталуына орай халықаралық балаларды қорғау күні қарсаңында Алматы қаласында өткізілетін «Алматы БАЛАFEST» қалалық балалар фестивалінің аудандық кезеңдері 16 мамырдан бастау алды. Байқауды ұйымдастырушы Алматы қаласының Білім басқармасы болып табылады.

Байқаудың мақсаттары:

Балалар фестивалінің «Өнерлі бала» номинациясының аудандық кезеңі 16 мамыр күні Жетісу ауданы №101 мектеп-гимназияда өткізілді. Өткізіліп жатқан аудандық іс-шараларға Жетісу аудандық білім бөлімінің басшысы Кусаинова Салтанат Амангельдиқызы қатысып,аудан мектептерінен қатысқан шығармашылыққа бейім өнерлі шәкірттеріміздің жұмыстарын бағалап, таразылады.

Байқауға 5-9жас, 10-14жас, 15-17 жас шамасындағы оқушылар қатысып, 7 бағыт бойынша өздерінің жұмыстарын үсынып, бақ сынады. Оқушылардың өнер туындыларының жоғары деңгейде жасалғаны соншалық әрбір жұмыстан баланың өнерге деген сүйіспеншілігі мен махаббатын байқауға болады.Байқау қорытындысы бойынша қатысушыларға бағалы сыйлықтар мен арнайы марапат қағаздарын табысталып, марапатталды. Ең үздік жұмыстар қалалық байқауға жолдама алды.

Сондай-ақ №101 мектеп-гимназия оқушыларыда байқаудың барлық номинациялары бойынша қатысып, жүлделі орындарға ие болды. 

«Өнерлі бала» байқауы бойынша Исеев Данил 8-сынып І орын, Ушуров Расул 10-сынып  ІІІ орын, Абейдуллаева Ирада 6-сынып ІІ орын

«IT-XAKATOH» байқауы бойынша  Мирзахметов Ильхам, Кадыров Галипжан 11-сынып  І орын, Тохтамов Шакир 5-сынып І орын, Ушуров Расул, Мурадилова Дилинур 10-сынып ІІ орын, Навердин Улуқбәг, Арупов Мухаммед  7-сынып ІІ орын, Талгатжанов Рафхат 9-сынып І орын, Изимов Адилжан, Рахмидинова Амина 4-сынып І орын,Закирьярова Амина, Масимова Наиля  4-сынып  ІІІ орын.

«GREEN OASES» байқауы бойынша  9-сынып оқушысы Молотова Ирадям І орын.

Осы жоғарыда аталған І және ІІ орынға ие болған оқушылар қалалық кезеңге қатысуға жолдама алды. Өнерлі шәкірттеріміздің шығармашылықтарына табыс пен сәттілік тілеймін!

 

Сулайманова Гульнара Исраиловна, Алматы қаласы, № 101 мектеп-гимназияның биология пәні мұғалімі
26.05.2022

Ұқсас жаңалықтар

«Ордабасы» президенті маңызды мәлімдеме жасады
«Ордабасы» футбол клубының президенті Абдубаитов Бауыржан Тойшыбекұлы - 25.04.2024 18
ТҮРКІСТАН: ОТЫРАРДА ШІРКЕЙГЕ ҚАРСЫ ДӘРІЛЕУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСЫП ЖАТЫР
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 25.04.2024 26
КЕНТАУДА ҚОҚЫС ЖИНАУ БОЙЫНША  «ПЛОГГИНГ» МАРАФОНЫ ӨТТІ
Түркістан облысының әкімінің баспасөз қызметі - 25.04.2024 36

Топ жаңалықтар

1
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 1007
2
Өркенді қала-қуатты өңірге жетелейді
Show more
Дахан Шөкшир - 2023-06-02 7055
3
Желтоқсан батырлары—саяси қуғын-сүргін құрбандарының бірі
Show more
Сұхбаттасқан Шаргүл Қасымханқызы - 2023-06-02 10901
4
Қарағандыда саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні өтті
Show more
- 2023-06-01 7124
5
Қарағандыда “Қасіретті КарЛаг” Республикалық жыр мүшәйрасы өтті
Show more
- 2023-05-31 7266