ЖЭО-ның қуаты артады

ЖЭО-ның қуаты артады

Жылумен жабдықтаудың қазіргі қуатын едәуір арттыруға әрі құрылысы жүріп жатқан аудандарды жылумен қамту мақсатында жылумен қамтамасыз ететін 2 орталықта жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Бұл туралы Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.

«Қаламызды жылумен ЖЭО-1 және ЖЭО-2 қамтамасыз етеді. Осы жылу электр орталықтарына жаңғырту жұмысын жүргіземіз. ЖЭО-2-де 7 және 8 қазандықтың құрылысын жобалау ісі жүріп жатыр. Бұл қазандықтар сағатына қосымша 360 гигакалория қуат береді. Сондай-ақ, ЖЭО-2 турбинасын жаңғыртуды жоспарлап отырмыз, ол электр қуатын 35 мегаватқа арттырады. ЖЭО-1-де 3 газ-мазутты қазандығы газға ауыстырылды, өсім – 50 гигакалория. Бұдан өзге түтін құбырын ауыстыруды жоспарлап отырмыз. Сонымен қатар, ЖЭО-1 және ЖЭО-2-дегі барлық су жылыту қазандығы газға ауыстырылды», – деп жазады қала әкімі. Сонымен қатар, келесі жылыту маусымына дейін ЖЭО-3 және екі газ жылу станциясын қолданысқа беруді тапсырды.

Балжан АЛЖАНОВА
23.01.2023

Ұқсас жаңалықтар

ТҮРКІСТАНДА ТҰРҒЫН ҮЙ САЛАСЫНА БАҒЫТТАЛҒАН ИНВЕСТИЦИЯ КӨЛЕМІ АРТТЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 27.01.2023 381
ТҮРКІСТАНДА ОБЛЫС БАСШЫЛЫҒЫ МЕН ЖЫЛЫЖАЙ ИЕЛЕРІ БАС ҚОСТЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 27.01.2023 345
БАСПАНА КЕЗЕГІНДЕ 1990 АДАМ ТҰР
Жарқынбек ШОҒАЛОВ, аудан әкімдігі тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы, Жамбыл облысы, Байзақ ауданы - 26.01.2023 366

Топ жаңалықтар

1
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ШТАБ ЖҰМЫСЫН БАСТАДЫ
Show more
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 2023-01-28 306
2
ТҮРКІСТАНДА «ӘЙЕЛДЕР КӘСІПКЕРЛІГІН ДАМЫТУ – АЙМАҚТЫ ДАМЫТУ» ТАҚЫРЫБЫНДА ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ ӨТТІ
Show more
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 2023-01-28 305
3
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДАҒЫ БАРЛЫҚ ЕЛДІ МЕКЕНДЕРДІ КӨГАЛДАНДЫРУ ЖҰМЫСЫ ЖАНДАНАДЫ
Show more
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 2023-01-28 306
4
Елнұр Бейсенбаев: "Сайлауалды бағдарламаға ұсыныстар халықтан тікелей жиналады"
Show more
«AMANAT» партиясының баспасөз қызметі - 2023-01-28 301
5
Ақтөбе облысы ПІБ Медорталығының күндері
Show more
Ермек Сахариев - 2023-01-26 150