«Жер аманаты» 27,9 мың га жайылымды мемлекетке қайтарды

«Жер аманаты» 27,9 мың га жайылымды  мемлекетке қайтарды

«AMANAT» партиясы жанындағы «Жер аманаты» комиссиясы Қостанай облысында көшпелі кеңес өткізіп, соның қорытындысы бойынша мемлекет меншігіне 27,9 мың га жайылым жер қайтарылды.  Атап айтқанда, Федоров ауданында 7,1 мың га, Науырзым ауданында 20,8 мың га қайтарылды, ал Меңдіқара ауданында ірі шаруа қожалықтарының бірімен 3,4 мың га жерді көпшіліктің қолданысы үшін өтеусіз беру туралы меморандум жасалды. Партия Хатшысы Дәулет Кәрібек: «Біздің комиссияның басты мақсаты – пайдаланылмай жатқан, оның ішінде заңсыз жекеменшікке өтіп кеткен жайылымдарды қайтару және оларды ауыл тұрғындары үшін қолжетімді ету. Жыл басынан бері Қостанай облысында 60 мың га пайдаланылмай жатқан жер қайтарылды. Сонымен қатар, жалпы ауданы 45,4 мың га болатын 24 жер учаскесін қайтару мәселесі бүгінде сот өндірісінде. Жалпы, «Жер аманаты» комиссиясының жұмысы 267 мың га жерді мемлекет меншікке қайтаруға көмектесті», – дейді.  Қазіргі уақытта, қолданыстағы заңнамаға сәйкес, елдімекен маңындағы 5-тен 20 шақырымға дейінгі радиустағы жерді көпшіліктің пайдалануы үшін тәркілеуге рұқсат етіледі. Комиссия мүшелері осындай қайтарылған учаскелерді жеке қолға беруге жол бермеу үшін ауылдық округтердің балансында қалдыруды ұсынады. Бұл бастаманы қолдаған  кәсіпкер Еркін Бұқанов: «Мемлекет агробизнеске көбірек көңіл бөлуі керек.  Ауылда ауылшаруашылығымен айналысуға дайын іскер адамдар өте көп, бірақ жердің жоқтығы – өте өзекті мәселе. Игерілмеген жерлерді, әрине, мемлекетке қайтару қажет. Бізде қазір үлкен шаруашылықтарға, тұтас аграрлық компанияларға сұраса болды әрдайым жер беріледі. Әділ болуы үшін халықтың да жерді үлестіру конкурсына қатысуға мүмкіндігі болуы керек», – дейді. Комиссия мүшесі, қоғам қайраткері Мұрат Әбенов: «Белгілі бір адамдар жерді жай ғана иеленіп, оны игермей отыр, ал бұл әрекет экономикаға зиян келтіреді. Жер не үшін қайтарылып жатыр? Мемлекет бәрін өзіне қайтарып алу үшін емес, бұл қадам ең алдымен оны игеруге дайын адамдарға беру үшін жасалады. Сұрақты басқалай қойғым келеді. Мәселе мал жаюға ғана қатысты емес. Анығында, бұл жерде маңыздысы – әділдік орнату. Жер мәселесін қала аумағында да, елдімекенде де қарастырып жатырмыз. Тағы бір өзекті мәселе бар. Ауылда жер, жұмыс жоқ болғандықтан, жастар қалаға көшіп жатыр. Ал онда тұрғын үй жоқ. Қайтып келсе, мұнда жер жоқ. Жерді халыққа қайтару – тікелей міндетіміз. Латифундистердің басым көпшілігі жерді өзге адамдардың пайдалануына мүмкіндік бермеді немесе жалға беріп отырды. Тіпті, Қарағанды облысында 1 млн, Маңғыстау облысында 3 млн га жуық жер бір адамның қолында болған жағдайлар болды. Комиссияның алдағы міндеті – осы мәселенің барлығын бақылауда ұстау. Жерді игермейтіндерден қайтарып алып қана қоймай, оның тиімді пайдаланылуын қадағалау маңызды», – деп отыр. 

 

Ермек Сахариев
04.08.2022

Ұқсас жаңалықтар

САУРАНДА 1,5 МЛРД. ТЕҢГЕНІҢ ЖОБАСЫНА МЕМОРАНДУМ ЖАСАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 36
 САЙРАМ АУДАНЫНДА АГРОСАЛАДА АУҚЫМДЫ ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСУДА
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 58
САРЫАҒАШТА «АЛТЫН КҮЗ-2024»  МЕРЕКЕСІ АТАЛЫП ӨТТІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 31
 САУРАНДА ЖЫЛЫНА 2 МЫҢҒА ЖУЫҚ ЖҰМСАҚ ЖИҺАЗ ШЫҒАРАТЫН ЦЕХ АШЫЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 59
МАҚТААРАЛДА ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «АУЫЛ БАРЫСЫ» ТУРНИРІ БАСТАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 23
Қар тазалауға 189 техника сақадай сай
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 56
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 168
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 172
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 388
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 353
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 970

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9048
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8444
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11671
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9435
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10652